15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Құран жаттау маған не үшін керек?

Құран жаттау маған не үшін керек?

Ислам тарихы

Бір істі бастаған кезде не үшін жасап жатқанымызды нақты түсінбей жатамыз. Егер жасап жатқан немесе жасайын деп жатқан ісіміздің мәнін, «неге» жасайтынымызды түсінсек, ол істі бастауымыз, соңына жеткізу жеңіл болады. Көп адамның қателігі сонда, неге екенін білмей жасап кетуі.

Бір кітапты неге оқу керектігін түсінбей оқуы, негізгі болған нәрсені іздемеуі, қажеттілікті анықтамауының кесірінен болады. Қажеттілікті анықтасақ, неге керектігін түсіне бастаймыз. Түсінген кезде әрекетіміз, көзқарасымыз өзгере бастайды, басқаша қабылдай бастаймыз. Біз бұны дайындық курсында айтып өткенбіз. Неге керек екенін түсіну үшін, қажеттілікті анықтау үшін көмектесетін құралдардың бірі – «5 неге?» техникасы. Бірі білсе, бірі білмейді. Көп адамның, компаниялардың жұмысын жақсартқан, жүйені қоя білген бұл техника сіздің қажеттілігіңізді анықтап, проблемаңызды тауып беруге көмектеседі. Сізге тапсырма, сол техниканы интернеттен іздеп көріңіз, қалай жұмыс жасайтынын қарап көріңіз. Төменде біздің салаға қатысты мысалын келтіре кетейін.

1. Құран жаттауым керек. Неге?

2. Ата-анама алтыннан тәж кигізу үшін. Неге?

3. Ата-ана разылығын алу үшін. Неге?

4. Ата-ана разылығы – Алла разылығы. Неге?

5. Алла разылығы – Жәннатқа кіру үшін. Осы сияқты өзіңіздің қажеттілігіңізді анықтап, неге керек екенін біліп алыңыз. Бұл техника арқылы өміріңіздің басқа проблемаларын анықтап алсаңыз болады.

материал «Қарилыққа алғашқы қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: