Ибн Хиббанның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Амир ибн Хазм арқылы Йемен еліне жіберген хатта былай жазылған:
«Қиямет күні Алланың алдындағы ең үлкен күнәлар төмендегілер:
1) Аллаға серік қосу;
2) Нақақтан-нақақ біреудің жанын қию;
3) Алла жолындағы күресте соғыс майданынан қашу;
4) Ата-анасына қарсы шығу;
5) Абыройы таза әйелге зинақор деп жала жабу;
6) Сиқыр үйрену;
7) Өсімқорлық және жетімнің мал-байлығын жеу.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні бір қауым қабірлерінен тұрғанда ауыздарынан от шашады», – деп айтқанда, естіп туғандар: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Ол: «Жетімдердің мал-мүлкін жеп, оларға қиянат жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда» деген мағынадағы аятты көрмейсіңдер ме?» – деді. («Ниса» сүресі, 10).
Мүслимнің айтуы бойынша, Миғраж хадисінің бір жерінде: «Қарасам, бірнеше кісінің жанында тұрып тұрмын. Олардың бастарына басқа кісілер отырып алып әлгілердің сақалдарынжұлып жатты. Міне, сол сәтте тағы басқа бірнеше адам от алыпкеліп, олардың аузына салғанда, жұтқан тастары артынан шығып жатты. Жәбірейілден (а.с.): «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, маған: «Ақысы жоқ бола тұра жетімнің мал-мүлкін жегендер. Олардың жегені қарнында жалындаған от болады», – деп жауап берді.
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz