30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жаттаған сүремді ұмытып қаламын. Не істесем болады?

Жаттаған сүремді ұмытып қаламын. Не істесем болады?

Ислам тарихы

Жаттаған сүреңізді ұмытып қалмау үшін жиі қайталап тұруыңыз керек.

Жиі қайталамасаңыз естен шығып кетеді. Біз қабылдаған ақпарат 40 күн сақталады. Организмге кірген зат немесе ақпарат 40 күн бойы ішімізде болады. (Арақ ішкен адамның 40 күн дұғасы қабыл болмайды дейтіні содан. 40 күннен соң толық денеден шыққан соң дене тазарады). Қабылдаған ақпаратта дәл солай. Жаттаған Құраныңызды 40 күн ішінде кемі 1 рет қайталап тұруыңыз керек. Жаттаған сүреңізді мына тәсілмен қайталасаңыз болады. Таңертең жаттасаңыз, кешке қайталаңыз. Ертесі күні тағы 1 рет қайталаңыз. Кейін аптасына 1 рет қайталаңыз. Кейін айына 1 рет қайталап тұрыңыз. Ай сайын қайталап жүруіңіз керек. Қолыңыз бос кезде, жолда жүргенде жаттаған сүреңіздің аудиосын тыңдап, қайталап жүріңіз. Есіңізде жақсы қалуына көмектеседі.

материал «Қарилыққа алғашқы қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: