16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Шәкәрім Құдайбердіұлы: Адамның хақы мен хайуанның хақы

Шәкәрім Құдайбердіұлы: Адамның хақы мен хайуанның хақы

Ислам тарихы

Уа достар, Алла Тағаланың құлы екеніңізді білген соң зинһар адам хақы мойыныңызда кетпектен сақтаныңыз. Бұл адам хақы деген – жалғыз мал хақысы ғана болмайды. Адамның мал хақы бар, жан хақы бар, абырой хақы, мұсылмандық дін хақы бар. Не денесіне, не абыройына, жанына, не ғибадатына, не малына, не көңіліне бір зиянды орынсыз тигізсеңіз – бəрі адам хақы болады.

Аятта: «иннаһу ла йухиббуз-залимина» .

Мағынасы: Алла Тағала залымдарды жек көреді деген. Залым деп зиянкес адамды айтады. Жəне пайғамбарымыздың хадисі – «занбу ла йугфиру уа занбу ла йутраку уа занбу иугфиру фа аммал-лази ла йагфиру фаш-ширку бил-лаһи уа аммал-лази иугфи-ру фа занбу ал-габдул-лазн байнаһу уа байнал-лаһи газза уа джалла уа аммал-лази ла йутраку фа зулмул-ғибади йаг-дуһум бағдан» –  деген.

Мағынасы: бір күнə бар – тіпті кешілмейді, бір күнə бар – қалдырылмайды, бір күнə бар – кешіледі. Əуелгі кешілмейтұғын күнə деген – Алла Тағалаға серік келтірген, соңғы кешіледі деген күнə – Алла Тағаланың бендеге бұйырған ғибадатын қылмаған. Енді қалдырылмайды деген күнə – адамның адамға қылған залымдығы. Мұны иесі разы болып кешпесе, Алла Тағала кеш деп кешкізбейді. Сол себептен күпірліктен соңғы қорын іс адам хақы болады.

Əрине, хайуан хақынан да жолы бек қиын пайғамбарымыз айтқан: «лау гуфира лакум касирун».

Мағынасы: егер хайуанға орынсыз қылған істеріңіз кешілсе, талай көп күнəңізден құтылар едіңіз деген. Бұл хайуан хақы деген орынсыз жерде ауырып, халінен артық жүк салып, оны тарта алмаса, соғып қинайсыз. Жəне не үйреткен емес, не қатты қысылмай тұрып орынсыз қинап, шаршатып, жүре алмай қалса ұрып, қамшылап, кейде тепкілейсіз, кейде сүрініп кетсе де орынсыз, яки қатты керек болмай тұрған кезде не жас баласын, не буаз күнінде орынсыз өлтіресіз, яки болса болған соң жұмыртқасын сындырасың – ондайлардың бəрі де обал, бəрі де хайуан хақы. Жəне бүл хайуан түгіл жансыз нəрсеге ашуланып, не боқтап, не сындырып, не ұрып тастайтұғын істеріміз ойымызға түскенде бек ойлаймын, əлбетте, ақымақтықтың ең жаманы хайуан менен жансызға ашуланбақ.

материал Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: