19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Біз жер бетіне не үшін түстік?! Мақсатымыз не?

Біз жер бетіне не үшін түстік?! Мақсатымыз не?

Ислам тарихы

Мақсат (цель) пен себепті (средство) айыра білу керек.

Біз бұл жердің тұрғындары емеспіз. Оян, тұр! Біз жәннат тұрғындарымыз. Атамыз Адам (алейһиссалам) пайғамбар алғашында Отанымыз жәннатта тұрған. Бұл жер бетіне не үшін түстік?!Емтиханнан өту үшін, кішкене емтиханнан өткен соң, үйімізге, Отанымызға қайтамыз. Сондықтан уақытымызды бұл кішкентай планетада жұмсамайық. Транзитпен ұшып бара жатқандай. Көбей ме, өс пе, өн бе демейді. Көбей, өс, өн бірақ жүрекпен байланба!

Имам Ахмадтан (Алланың ол кісіге рахымы болсын): «Қолында 1000 динары бар адам заһид (яғни зуһд ұстанушы адам) бола алады ма? - деп сұрағанда,

- Әлбетте егер қолында болса, жүрегінде емес», - деп жауап береді.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл дүниеде бөтен немесе жолаушы сияқты бол» – деген.

Егер адам осыны түсінсе, өмірі өзгереді. Бұрын мазалайтын дүниелері, енді мазаламайды. Бір кісі келіп, анасынан көрген қиыншылықтарын айтып шағымданады . Сонда мен сұрадым:

 - Сен негізінде, өзі не үшін атаанаңа жақсы қарым қатынас көрсетесің?

Ол : - «Сауап үшін ғой» - деп, жауап берді. «Әр жақсылыққа 10 сауап».

материал «Бақытқа жетудің жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: