12
Жексенбі,
Қаңтар

һижри

Жұма азаны айтылып жатқанда саудамен айналысудың үкімі

Жұма азаны айтылып жатқанда саудамен айналысудың үкімі

Ислам тарихы

Жұма азаны айтылып жатқан тұста сауда-саттықпен айналысудың үкімі қандай?

Жұма азаны айтылып жатқан тұста сауда-саттық жасаудың үкімі – харамға жақын мәкруһ. Жұма күні намазға азан айтылғанда саудагерлер саудасын доғарып, мешітке намазға баруы керек. Бұл өзге қызмет саласында істейтін мұсылмандарға да қатысы бар.

Құран Кәрімде: «Ей, мүміндер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылғанда Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы», – делінген («Жұма» сүресі, 9-аят).

Алайда әйел адамға, жолаушыға, балиғатқа толмаған балаға, сырқат кісіге, зағип адамға, екі аяғы жоқ мүгедекке, әлдебір залымның зұлымдығына ұшыраудан қауіптенген адамға және түрмедегілерге жұма намазы парыз емес. Сол себепті бұл категорияға кіретіндерге жұма намазы уақытында сауда-саттықпен айналысуы немесе өзге де шаруамен шұғыл болуы күнә емес.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: