11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Иманды күшейтудің жолы: Құранға ой жүгіртіп оқу

Иманды күшейтудің жолы: Құранға ой жүгіртіп оқу

Ислам тарихы

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.

Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Алла Тағала Құранның бір уақытта емес, белгілі уақыттар арасында бөлім-бөлім болып түсірілу себебін «адамдардың дінде тұрақты болуы үшін» деп түсіндіреді: «Және кәпір болғандар «неге оған (Пайғамбарға ) Құран бір бүтін жинақ болған түрде түсірілмеді?» десті. Біз оныменен (Құранмен ) жүрегіңді бекем (тұрақты) ету үшін осылай (бөлек –бөлек түрде) түсірдік және (саған) оны (Құранды) анық етіп оқыдық. Олар саған бір мысал келтірсе, Біз саған (ол мысалға жауап ретінде) ақиқатты және көркем түсінікті келтірдік». («Фурқан» сүресі, 32-33-аяттар).

Құран жүрекке иманды орнатып, Алламен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды. Және адам жүрегі Алланы еске алумен тыныштық табады . «Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)». («Әнфал» сүресі, 2-аят).

материал «Иманды күшейтудің жолдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: