12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Құмар ойындарды қалай тоқтатуға болады: 7 кеңес

Құмар ойындарды қалай тоқтатуға болады: 7 кеңес

Ислам тарихы

Құмар ойындары тәуелділікке айналуы мүмкін. Бұл 7 кеңес адамдарға құмартпаудың жолдарын ұсынады.

1. Мәселені түсіну Сіз түсінбеген нәрсені жөндей алмайсыз. Құмар ойындарын өміріңізден алып тастау үшін құмар ойынында проблемаңыз бар екенін мойындауыңыз керек. Өзіңізді және басқаларды алдамаңыз. Құмар ойыны белгілерінің бұзыла бастағанын көргенде өзіңізге адал болыңыз немесе жақын адамыңызды жақсы түсіну үшін құмар ойын туралы пікірін сұраңыз. Бас тарта бергенше, құмар ойындардың өміріңізге кері әсерін көре бастаңыз.

2. Басқаларға өзіңіздің шешіміңіз туралы айтыңыз Мәселені түсінгенде, өзіңіз сенім артатын жандарға шешіміңіз туралы айтыңыз. Қайда баратыныңызды, не істейтініңізді жеткізіңіз. Құмар ойындарының құпиялығы туралы қажеттілікті сезініңіз. Жасырын түрде ойнап, жақындарыңызды жарқын жеңісіңізбен таңғалдырамын деп өтірік айтуыңыз мүмкін. Құмар ойынына деген тәуелділікті кейде “жасырын ауру” деп те атайды. Өйткені оның есірткіге немесе алкогольге деген тәуелділік сияқты физикалық белгілер болмайды. Егер жақындарыңыз алаңдаушылық білдірсе, олардың сөзіне құлақ асыңыз. Көмек сұрау – әлсіздіктің белгісі емес. Құмар ойындарындағы мәселелер бойынша өз-өзіңізге көмек Құмар ойынына тәуелділікті жеңудің ең үлкен қадамы – сізде проблема бар екенін түсіну. Бұған жету үшін үлкен күш пен батылдық қажет. Әсіресе, егер сіз көп ақша жоғалтсаңыз және арақатынасыңыз бұзылған болса. Үміт үзбеңіз және жалғыз жүруге тырыспаңыз. Көптеген адамдар сіз сияқты болған. Олар бұл жаман әдетінен бас тартып, өмірін қалпына келтірді. Сіздің де қолыңыздан келеді.

3. Азғырулардан аулақ болыңыз Құмар ойын – бұл азғыру. Бірақ құмарлыққа тәуелділік ретінде қарау маңызды. Себебі ол сізге тәуелділікті қалпына келтіру және рецидивтің алдын алу дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Емделіп жатқан адам үшін құмар ойындарына байланысты жандардан, орындардан және ісәрекеттерден аулақ болу сәтсіздікке жол бермеуге көмектеседі. Бұл триггерлерге жоламағаннан құмар ойындарды ынталандыратын ойлар мен сезімдерден аулақ бола аласыз. Сонымен қатар, күнделікті жүретін жолыңызда құмар ойынына деген құмарлығыңызды арттыратын букмекерлік кеңселер, казинолар болса, басқа жолмен жүріңіз. Егер спорттық ойындарды көру оған бәс тігуге әкелсе, басқа контентті көріңіз. Ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ ішкілікке құмар адамдарға барға кірмеуі керек сияқты сіз де триггерлерді анықтап, олардан бойыңызды аулақ салыңыз. Құмар ойындарға азғыратын жолдан аулақ болыңыз, оның орнына сүйікті адамыңызбен жұмыс жасаңыз. Ең бастысы – қателіктерден сабақ алып, қайта қалпына келу жолындағы жұмысыңызды жалғастырыңыз.

4. Құмар ойындарды кейінге қалдыру Құмарлық күшті және сіз олардың ортасында болсаңыз, бұл мәңгілікке созылатын сияқты. Бірақ бұлай болмайды. Барлық құмарлықтың басы, ортасы және соңы бар. Егер сіз құмар ойындардан бас тарта алсаңыз, қалыпқа келу ықтималдылығы да жоғары. Бұл мәселені шешудің тамаша тәсілі – құмарлыққа назар аударуыңыз. Яғни осы кезде қандай сезімде болдыңыз, не ойладыңыз, ол қанша уақытқа созылды. Осыларды назарыңызға алыңыз. Осылайша оны бақылауға алып, өзіңізді ұстай бастайсыз. Жағдай туралы түсінік қалыптастырғаннан кейін, одан алыстататын ойлар мен әрекеттердің жиынтығын жасаңыз. Мысалы құмар ойын ойнағыңыз келді немесе сол секілді ойлар сізді мазалады. Сол сәтте Лә иләһә илаллаһ cөзімен Алланы еске алғаныз жөн. Бұл адамды мұңға батыратын сұрқия ойларға деген ең мықты қару. Жүз рет, мың рет және одан да көп рет зікір айтыңыз. Алладан пана сұрап, дұға етіңіз. Терең тыныс алу немесе құмарлық кезінде досына қоңырау шалу, ойыңды басқа арнаға бұру секілді әрекеттер құмар ойындарын кейінге қалдырудың ең жақсы әдісі саналады.

5. Құмар ойынның баламасын табыңыз Триггерлерден аулақ болу және құмарлық кезінде алаңдаушылық – жаман әдетпен күресудің тамаша әдістері. Жағдайыңызды жақсарту үшін сізге құмар ойынға балама табу керек. Сол арқылы зейініңізді жақсы дүниеге аударасыз. Құмар ойындарына деген тәуелділікті мына дүниелермен алмастырыңыз:

● Дене белсенділігі (күніне 10 мың қадам жүру, серуендеу, ауыр атлетика, командалық спорт немесе құлшылық);

● Иманды күшейту, намаз оқу;

● Ойын ойнамайтын достарыңызбен және отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз;

● Ауруханаға немесе жетімдер үйіне зиярат етіңіз. Бұл сізге өмірдің мәнін, қадірін түсінуге үлкен жәрдем береді;

● Құмар ойынның орнын басатын жаңа хобби іздеңіз (кітап оқу, тіл үйрену, аз-аздан үздіксіз жасалатын амалдар жасаңыз);

● Саяхаттау; Құмар ойыннан бас тартуға болатын қосымша ақшамен зерттеуге болатын қызықты және пайдалы баламалар туралы ойланыңыз.

6. Салдары туралы ойланыңыз Көп күнəлі, ұятты істерді доғару керек. Оларды тоқтатпай құмар ойынға деген тəуелділікті тоқтатпайсыз. Ұят пен күнә – тәуелділіктен арылатын кез келген адам үшін күшті сезім. Болашақта оған жол бермеу үшін өткен құмар ойынның салдары туралы ойлану қажет:

● Жақындарыңызға тудырған эмоционалды азап жайлы;

● Отбасыңыздағы қаржылық қиындықтары жайлы;

● Тәуелділікті басқалардан жасыру үшін айтқан кез келген өтіріктеріңіз жайлы ойланыңыз. Бұрынғы әрекеттеріңізді қайталамауға тырысыңыз және оны болашақта құмар ойындарды болдырмау мақсатында мотивация үшін ғана қолданыңыз.

7. Жағымсыз сезімдерден арылуды үйреніңіз Жалғыздықта немесе жалыққанда, жұмыстағы стресстен кейін не жұбайыңызбен сөзге келгенде құмар ойнайсыз ба? Құмар ойын – бұл жағымсыз эмоцияларды тыныштандырудың, босаңсудың тәсілі. Бірақ көңіл-күйді басқарудың және шаршауды жеңілдетудің тиімді әдістері бар. Мысалы, релаксация әдістерін қолданса болады. Релаксация әдістері деген не және ол не үшін маңызды? Релаксация – бұл бір нәрсеге деген күшті ұмтылыс немесе импульс. Сізге дәл сол кезде оларды анықтау қиын болуы мүмкін. Құмар ойындарды тоқтатқанға дейін бұл ұмтылыстарды байқамай қалуыңыз мүмкін.

материал «Құмар ойынға тәуелділікті емдеу» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: