28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Ана құрсағынан келдік базарға, Бір кебін алып қайттық мазарға!

Ана құрсағынан келдік базарға, Бір кебін алып қайттық мазарға!

Ислам тарихы

Дүкені қаланың шыға беріс есігінде тұрған бір бақалшы бар еді.

Сол есіктен қай уақыт бір жаназа шықса, қасындағы торсыққа бір мәуе тәшегін тастап, айдың соңында оларды санайтын да: «Бұл айда осынша адам торсыққа түсті!» дейтін. Бір күні ажал жетіп, ол да өледі. Арадан біраз уақыт өткен болатын. Өлгенінен хабарсыз бір досы көңілін сұрауға бақалшыға келді. Көрінбегеннен кейін көршілерінен сұрайды. – Мына жердегі бақалшы қайда, не болды өзіне? Олар: – Ол да торсыққа түсті - деді. Міне, жалған дүние жолаушыларының әңгімесі… Әркім мен әрнәрсенің артынан айтылған әңгіме, бірде бар, бірде жоқ…

Юнус нендей көркем өлеңдеп айтқан:

Ана құрсағынан келдік базарға;

Бір кебін алып қайттық мазарға!

Шынында да, бұл дүние саудасынан қаласаң бай, қаласаң пақыр болайық,  бізге қалатыны бір кебін… Сондықтан, маңыздысы – ақырет саудамыздың қандай жағдайда екені.

Нежип Фазылдың мына өлең шумағы бұл шындықты тамаша суреттейді:

Ей, сараң ақша айырбастаушысы!

Өзіңе бөлек бір кесе тіккіз де,

Қайсысы, соны жина.

Алла Тағала адамның дүние  – танымын тек қарамақайшы нәрселермен салыстыра түсіне алатындай етіп қойған. Сондықтан қарама-қайшылық – әлемдегі негіздердің бірі. Сол себепті әлемде қарама-қайшылық бүтін түгел болса, таным соншалықты анық болады. Махаббат жек көрушілікпен, сұлулық  – ұсқынсыздықпен, жақсылық – жаманмен, ақылды - ақымақпен, қуаныш – қайғымен, дүние – ақыретпен… білінеді. Адам өмір ағысында ғұмыр кешу қуанышы мен өлімнен қорқу сияқты, бір-біріне теріс екі қарама-қайшылықтың арасында шайқалып тұрады. Үнемі ағып жатқан өмір мен өлімнің шын мағыналары білінбестен жаратылыс сыры, хикметі мен адамның шынайы мәні де түсініксіз қалады. Әлемдегі әр нәрсе, бір дәнектің бөлінуінен көктем мерекесіне, туылудан өлімге, кіші (микро) әлемнен үлкен (макро) әлемге, тозаңдардан бөлшектерге дейін лайықты түрде анғару мүмкін емес бір жүйемен, сондай-ақ белгіленген үйлесіммен жалғап жатқанын Күшті ақыл иесі ойланбай ма екен? Жарайды, бұл үйлесімнің, бұл жүйенің ұстасы мен жаратушысы кім? Әлемде адам түсінігін әлсірететін бұл кемелділік, даналық пен ғибраттар жүйесі емес пе? Бұл сұрақтардың жауабы ең күшті түрде Құран Кәрімде берілген. Алла Тағала былай бұйырады: «Біз жеті қабат аспанды, жерді және екеуінің арасындағыларды ойын-сауық болсын деп, жаратпадық». (Духан, 38)

«(Ей, Инсан баласы!) Бізді сендер өздеріңді бекерден бекер жаратты, біздің алдымызға қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» (Муминун, 115) «Адам баласы өзін емін-еркін жіберілеміз деп ойлай ма?» (Қиямет, 36) Адамның жаратылуындағы хикмет – өзінің күшқұдіреті, қабілеті бойынша Алла Тағаланы білуі, осы білгенін де парасаттылықпен жабдықтап, салих амалдар істей отырып, Хақ Тағаланы құрметтеу, ұлықтау. Біз, мұны қысқаша құлшылық деп, атаймыз. Бұл құлшылықтың мақсаты – жүректі сафтандырып, нәпсіні тәрбиелей отырып, Раббыға қауышу, уасыл-ы илаллаһ мәртебесіне жету. Бұл мәртебе де, пайғамбарлықтап кейінгі ең биік дережемен Аллаға қауышу деген мағынаны білдіретін әулиелікте өз кәмілдігін табады. Уәләйет (әуелиелік) – нәпсі өлшеулерден құтылып, өз болмысының күллі арман – қажеттіліктерге деген бейім – сезімдерін ең төменгі дәрежесіне түсіріп, рухани жақтан Раббыға қауышу. Бұл биік дәрежеге фәна фимәһ мәртебесі делінеді. Бұл да өзен судың теңізге қосылғаннан кейін өз қасиетін жоғалтып, теңізге араласып, жоқ болып кетуі немесе жеген тамақтарымыздың денемізге сіңіп кеткеннен кейін өзінің жеке қасиеттерін жоғалтқаны секілді. Бұл мәртебеге жеткеннен кейін келген өлім шынайы мағынада Аллаға қауышу. «Өлместен бұрын өліңіз!» сөзі бұл жағдайдың ең көркем баяны. Хазіреті Мәулана: «Тірілгілерің келсе, өліңіз!» - деген сөзімен айтқаны – рухани өлім. Яғни, мәңгі өмірге келу, басқа әлемде тірілу болып табылады.

Бір сахаба Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ақылды адам кім, ей, Алланың елшісі?» - деп сұрайды. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өлімді көп ойлайтын әрі бүкіл ісімен оған дайындалып жүрген кісі. Міне, олар зерек адамдар!..» (Ибни Мәжә, Зуһд, 31) деп жауап береді. Нәпсісінен жеңілген ғапыл адамдардың үйлері бейне тірі өліктердің жанұя қабірстаны сияқты. Өлім не ерте, не кеш келетінін ойланбайды. Тек қана өз уақытында келеді. Өлімнен қашып құтылғысы келетіндерге Құран Кәрім былай дейді: «Қай жерде болсаңдар да тіпті мықты биік қорғандардың ішінде болсаңдар да, өлім сендерді тауып алады». (Ниса, 78)

«(Ей, Пайғамбарым!) Оларға: «Өздерің қашып жүрген өлім сендерге түбінде бір кездеседі. Сонан соң құпияны да, әшкерені де білетін Алланың алдына қайтарыласыңдар. Ол істеген істеріңді өздеріңе баяндап береді» деп айт». (Жұма, 8) Адам өз болмысымен барлық әлемнің жаратылу сырын түсіне алмаса, бұл қаранғылығы оның түбіне жетеді. Дүниеге келіп-кетуіне ой жібере алмаған адам, өз болмысынан да бейхабар деген сөз! 

Әркімді өте қатты түрде әрі лаулаған отқа толы иірім халінде орап алатын өлім сөзсіз әрбір басқа төнетін ең ауыр болашақ қорқынышы, бәлесі немесе рахымшылығы. Адамзат ақылымен толық түрде түсіну мүмкін емес бұл келешек түйінін шешу, нәпсі кедергілерінен өтіп, уахидың дауысына құлақ асып, Пайғамбарлар мен әулиелердің көңіл-күйлеріндегі ғашықтық, шаттық пен иләһи нұрға қарық болуларынан сыбаға алумен ғана болады. Уақыт тізбегінен түскен әрбір сәттің бізді ақиқат таңына жақындататынын аятта тамаша түсіндірілген: «Біз кімге ұзақ өмір берсек, сонда оның денесін әлсіретеміз (балалық, жастық, жігіттіктен кетіп, кәртейеді, нашарлайды). Олар мұны түсінбей ме?» (Ясин, 68)

Уа, Раббым! Өміріміз бен өлімімізді ізгі құлдарыңа сыйлаған береке, нығмет, ұлы да қасиетті әрі әдеміліктер һәм саған қауышу мен әшекейлеп, безендіргейсің!

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: