27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Құлшылықтағы ықыласты Әлиден (р.а) үйреніңдер»

«Құлшылықтағы ықыласты Әлиден (р.а) үйреніңдер»

Ислам тарихы

Құран Кәрімдегі «ашуларын баса алатындар» сөзін, «ашуларын бақылағандар» деген мағынада түсінуге болады.Бұл мәселе бойынша ең тамаша үлгі Хазіреті Әли (р.а) тарапынан берілген.

Бір соғыста Хазіреті Әли бір дұшпан солдатын астына басып алып өлтірейін деп жатыр еді. Өлім алақанына түскен ол адам амалсыздан Хазіреті Әлидің нұрлы да, мүбәрәк жүзіне түкіріп жібереді. Әһлі Бәйттің (Пайғамбар жанұясы) батыр мүшесі, Алланың арыстаны болған Хазіреті Әли үшін жиһад алаңында астындағы кәпірдің басын жұлып алу, негізінде түк емес еді. Бірақ ол «нәпсілік турғыдан ашуланып қаламын ба?!» деп ойлады да, дереу тоқтай қалып, қолындағы Пайғамбар сыйы қылышы – зұлпықарды жерге қойып, дұшпанын өлтіруден бас тартты. Жерде мүшкіл халде, алдындағысының соңғы шабуылымен өлімін күтіп жатқан адам, бұл жағдайға қатты таң қалды. Себебі, ол істеген жаман ісі нәтижесінде Хазіреті Әлидің бұрынғысынан да, қатты үлкен ашу үстінде өзін жойып жіберетінін ойлап жатқан. Бірақ, ойлағанындай болмады. Қиялы да жетпес бір ақиқатты көрді. Ислам әрі көңіл қаһарманы болған Хазіреті Әлидің істегенін түсіне алмаған дұшпаны таң қала отырып сұрады:

– Ей, Әли! Мені тап өлтірейін деп тұрғанда неге бас тоқтаттың? Өлтіруден неге бас тарттың? Не болды, қатты ашуыңды басып, түсініксіз тыныштыққа орандың?! Найзағай секілді жарқылдап тұр едің, бірден дауыл тоқтап, тынышталған ауа секілді тоқтай қалдың!.. Хазіреті Әли былай деді:

– Мен Хазіреті Пайғамбар маған сыйлаған бұл зұлпықарды Алла жолында көтеремін. Кәпір мен мунафиқтардың басын Оның ризалығы үшін аламын. Бұған ешқашан өз нәпсімді араластырмаймын. Себебі мен – Алланың арыстаны, әрі Оның қылышымын, нәпсімдікі емес... Сен жүзіме түкіріп, мені ашуландырмақшы әрі қорламақшы болдың. Мен сол сәтте ашулансам, Мүминге әсте жараспайтын бір қылықпен, яғни, нәпсіме бағынып, өте жаман бір себеппен сені өлтіретін едім. Алайда, мен өз абыройым үшін емес, Алла үшін соғысып жатқан едім. Сөйтіп, бұл ұлы да мадақталған мінез бен иман көрінісі алдында әлгі дұшпанның көңілі оянды. Артынша достық сырын түсінді де Хазіреті Әлидің мүләйімдігінен, хош көрушілігінен, мінезі, кешірімділігінен, мейірімділігінен, жұмсақтық пен нәпсіге қарсы тұра алатындығынан үлгі-өнеге ала отырып иман келтірді.

Бұл оқиғаны Хазіреті Мәулана әр түрлі астарлы сөздермен былай түсіндіреді: «Құлшылықтағы ықыласты Хазіреті Әлиден үйреніңдер! Ол Алланың арыстаны, нәпсінің құрған тұзағынан құтылудың жолын қандай тамаша шешкен!»

«Ол Алла жолындағы соғыста алдынан шыға келген күшті бір дұшпанын жерге ұрып, тізесіне басып алып, басын шауып тастауға дайын еді!»

«Сол кезде өліммен бетпе-бет келген, жеңілген кісі не болса да бәрібір өлімнің ақ шеңгеліне түстім деп, Пайғамбарлар мен әулиелердің мақтанышы Хазіреті Әлидің бетіне түкірді».

«Бұл түкірік Хазіреті Әлидің айдың өзі бас иген күн сияқты жүзіне түскенде, дұшпанын өлтіру үшін көтерген қылышын шаппай төмен түсірді де, тоқтап қалып, күресті доғарды. Кейін дұшпанының үстінен тұрып, оны қоя берді».

«Өлімнің ақ шеңгелінен құтылған дұшпан қарсыласының өз ойынша орынсыз болған бұл, мейірімділігі мен кешірім жасағанына таң қалды. Өлімді күтіп жатқанда өз көзімен көрген бұл бағыштау көрінісі оны қайрандық ойпатында ойларға шомылдырды».

Ол кісі былай деді:

«Өткір қылышыңды тамағыма тақап, тап өлтірейін деп, тұрғанда бірден ойыңнан қайтып, мені бағыштадың! Неге былай істедің? Менімен соғысудан артық басқа не көрдің? Мені тізеңе баса отырып, неге кешірдің? Сонша не көрдің, мені жерге жыққан күшті ашуың тыныштала қалды ғой!?

«Ей, Әли! Айт! Қылышты тартып, жеңіске жеткен сәтте көзіңе көрінген сәуле қандай иманның нұры? Мені қойып, оның шуағына бет бұрдың? Оның құрметіне менің жанымды қимадың!»

«Ей, Әли! Сен көрген нұрдың шуағы менің ішіме түсіп тұрған секілді. Осы сәтте сені бұл дәрежеге көтерген иман мен ұлы мінез-құлықты түсінген секілдімін. Жаным қазірге дейін ешқашан білмеген, еш дәмін татып көрмеген сезімге толды».

«Менің бетпақтығыма қарсы сен сондай бір пейіл көрсеттің, қылышыңды тамағыма тақап тұрып, маған өмір сыйладың. Сөйтіп, өлі рухымды да тірілттің!»

«Ей, соғыс алаңының жеңілмейтін қаһарманы! Мархабат, халіңнен хабар бер! Бұл қандай ахуал?»

«Ей, Әли! Айта бер, бұл Хақтың сыры екенін білемін. Мүләйімдік қылышың, жанымды парша-парша етті. Біліміңнің суы болса, көңілімнің топырағын тірілтті!»

«Айта бер! Ей, Аршы-Ағланы тамашалап тұрған ұлы адам! Дәл қазір Аллаһ құзырынан не көріп тұрсың? Түсіндім, сенің көздерің мен көңілің ғайыпты түсінуді үйренген. Ал, басқалардың көздері бұны көрмейтін көр болған».

«Ей, Алланың арыстаны! Сенің бұл халіңнен көңілім мен жан-дүниемде бір жалын пайда болды. Демек, сен жігіттік пен батырлықта теңдессіз болғаның сияқты жан әлемінде де теңдессізсің!»

«Ей, мына бетпақ көңіліме бағышталған көркем тағдыр! Ей, Әли әл-Мұртаза! Бұл сырды түсіндір! Сен ғылым қаласының есігі деп, танылғансың. Сол есігіңді маған аз да болса аш!!» Хазіреті Әлидің көркем мінез-құлқы мен ерекшелігі алдында сасқалақтап, таң қалған бейшара өз көзімен көрген шындықты тереңінен түсіну үшін руханият қаһарманына, талаптарын былай жалғастырды.

«Ей, кәміл парасаттылық, көрегенділік пен қалбисәлим (шынайы жүрек) иесі болған Хақ досы! Ей, біздің көре алмаған нәрселерімізді күн сияқты көруші! Көңіліңдегі сырдан аз да болса маған да бағышта!» «Қолыңдағы зұлпықар басымды шаппады, бірақ көңіл зұлпықарың көңілімді паршалап тастады. Тән қапасымның есіктері ашылды да, мен де нәпсіге тұтқындықтан құтылдым. Маған бұл сырды түсіндір! Рухым ана құрсағындағы балаға жан берілгендегідей жан тапсын!»

«Ей, Әли! Ыза үстінде қылышына ие болып, ашудан мейірімділікке өте алған көрілмеген еріксің! Болмысыңда жүз мыңдаған иләһи сипат қалайша жиналды? Ей, жарқыраған айна! Қол жеткізген иләһи даналықты көңіліме шағыстырсаң қайтеді!» «Қарсыластың бұл сөзіне Хазіреті Әли былай деді:

«Ей, кісі! Біліп ал! Қылышымды тек қана Хақтың ризалығы үшін ғана қолданамын! Себебі, мен нәпсімнің емес Хақтың құлымын… Әуесқойлығым мен арманымның емес, Алланың арыстанымын».

«Қылышымның жеңілместігі мен жеңімпаздығы маған емес, Аллаға тән. Мен Хақ жолында өзімді пәни етіп, Онымен бар болғаным үшін Раббымның ризасын іздеймін. Міне, ашу-ызадан мейірбандыққа, одан ашу ызаға өтудің іргетасында осы ақиқат бар. Орайы келгенде ашу-ызаны мүләйімдік қылышымен тоқтатамын, не мүләйімдігімді ашу-ыза қылышымен кесіп түсіремін. Бұлардың бәрі Алла ризалығы үшін».

«Мен: «… Атқан кезде сен атпадың, Алла атты!..» (ӘлӘнфәл-17) сырын жақсы білемін». Жүрегіңнің отын алған зұлпықардың нақ өзімін, тек оны шабатын иләһи сыр».

«Мен нәпсімді таныдым. Оның кесірінен сақтанамын. Ол үшін Алланың ризалығынан басқа барлық нәрседен бет бұрамын».

«Хақ жолында істеген ісімнің бәрі еліктеуден, қиял мен күмәннан аулақ. Мен Алла жолында бір тамшы емес, үнемі тасып аққан су болуды қалаймын. Себебі, қауышу дариясына жету – тек осылайша ғана мүмкін». Мен безендірілген қылыш сияқты таухид інжу-маржандарымен толғанмын. Сол себептен соғыста адамдарды өлтіруден гөрі олардың тірілулері үшін күш жұмсаймын». «Сондықтан бұл соғыста сенімен күресіп жатқанымда, түкіргеніңнен кейін, мен де нәпсіге тән сезім көрінгендіктен, қылышты қынына қоюды жөн көрдім. Алла үшін сүйетін, Алла үшін жек көретін бақтиярлардан болу үшін». «Алла жолында еркін адамның шәһәдәтін (куәлігін) тыңда! Себебі нәпсісіне құл болғанның шәһәдәтінің екі түйір арпадай құны жоқ. Еркіндік болса, нәпсіге тән мақсаттардан құтылу арқылы ғана болады».

«Нәпсі мен шәһуәтінің құлы болғанға келсек, ол құл мен тұтқынның жағдайынан да бетер жаман халде. Себебі, құл қожайынының бір сөзімен ғана азаттығын алады, бірақ нәпсі шәһуәтінің құлы болған дәмін алып жатқан өткінші ләззаттармен мас болып, ащы бір пәлекеттің мәңгі қиыншылығында оянады».

«Нәпсі шәһуәтіне батқандар өздерін сондай бір терең құдыққа тастайды, оларды құтқару үшін құдықтың түбіне дейін жететін жіп бейне жоқ секілді».

«Ей, адам! Менде Хақтың сипаттарынан өзге сипат жоқ. Егер бұл дәулетке жеткің келсе, бері кел! Жақында маған!»

«Бері кел! Алла мейірім – шапағатымен сені де азат етсін! Себебі, оның мейірімі, ашу-ызасынан артық, кең…» Бұл сөздерден кейін һидайәт нұрымен қадірленген бақытты адамға Хазіреті Әли былай деді: «Міне енді қауіп-қатерден құтылдың. Әуелі қадірсіз, жай ғана тас едің. Қазір ақиқат әл-иксирімен қымбат асыл тасқа айналдың». «Күпірлік пен оның тікендерінен құтылдың. Бұдан былай Хақ бақшасында раушан сияқты жайнай бер!» «Ей, иләһи нұрға бөленген! Енді сен менсің, мен сенмін. Яғни сен де бір Әлисің. Олай болса, мен Әлиді қалай өлтіремін?» «Хазіреті Омардың Расулулланы өлтіру ниетінің оны тұп-тура иләһи бақшаға бұрып жетелеуі сияқты, сенің де әрекетің рухыңды алып, бір пәсте һидайәт аспанына (тура жолға) жеткізді. Күпірлік тікендері арасынан ысырылып шыға алған иман гүліне айналдың! Қандай бақыттысың!

Хазіреті Әли өзінің бетіне түкіріп жіберген адамға не деген керемет ұлы есік ашты. Өзін өлтіргісі келген кісіге өзгеше өмір бағыштады. Өзіне қиындық пен азапты бергісі келгенге, шынайы бақытты лайық көрді. Алды мен артынан тұнғыйық ашқысы келген адамға мәнгілік пен сый аспанына жеткізетін бір ұлы көпір міндетін атқарды. Өзі жайлы жаман ойлаған бір кәпірдің тікендерін раушанмен қарсы алды. Күйгелек бір көңілді аяқ-қолына, бетіне батқан тікендерге көңіл аудармастан ұлы да кең мейірімділік суымен сулады да, жаңа түйнектеген бір өзгеше гүлге айналдырды. Өзін сиқыр жадымен қорқытқысы келген сиқыршыларды иман ләззаты мен бақытқа бөлеген Хазіреті Мұса сияқты әрекет жасады. Оның бұл ерекше мінезқұлқы алдында малғұн шайтан қызғаныш пен кегінен шытынап белі сынды. Алла Тағала былай бұйырады: «(Ей, Расулім!) Сен кешірімшіл бол, (адамдарды) туралыққа сілте, топастардан аулақ бол!» (Ағраф, 199)

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: