27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әбу Ханифаның рамазаны қандай еді?

Әбу Ханифаның рамазаны қандай еді?

Ислам тарихы

Әбу Ханифа – мәзхабымыздың негізін қалаушы ұлы тұлға, абсолютті мұжтахид ғалым.

Ол жайлы айтылған жақсы сөздер өте көп. Солардың бірі: Әбу Жағфар ар-Рази (Алла оны рахымына алсын): «Мен Әбу Ханифадан артық ғалым әрі тақуа адамды кезіктірмедім»,– десе, Жағфар ибн Раийғ (Алла оны рахымына алсын): «Мен Әбу Ханифамен бес жыл бірге тұрдым. Одан аз сөзді жанды көрмедім. Ал одан бір-ақ нәрсе жайлы сұраса, ол ашылып, сел тәрізді ағылар еді»,–деп еске алады. Ал,  Йазид  (Алла одар разы болсын):  «Тақуалық  пен  ақыл-парасаттылықта  Әбу  Ханифаға    тең  келетін адамды  көрмедім», - десе,  Әбу  Асим  Нубәйл: «Әбу Ханифа намазды қадалып көп оқығандығы үшін,  көпшілік  оны  «қазық»  деп  атап  кеткен», - дейді.

Ендігі кезекте Әбу Ханифаның рамазаны жайлы сөз қозғасақ деймін. Яхья ибн Наср: «Әбу Ханифа рамазан айында 60-қа жуық мәрте Құранды бастан аяқ толық хатым етіп шығатын» дейді. [Мәнәқиб әл-Имам Әбу Ханифа 23]

Язид ибн Кумейт айтады: “Бірде бір кісі Әбу Ханифаға келіп “Алладан қорық!” - деп, айтты. Сол кезде Әбу Ханифаның аяқ-қолы дірілдеп, бір сәтке үнсіз қалып: “Алла саған жақсылықты нәсіп етсін. Расында, адамдар осы сөзді естуге әр кезде де мұқтаж” - деп, жауап берді” Қасим ибн Мағн (Алла оны рахымына алсын) оның рамазан айындағы құлшылығын баян ете былай дейді: “Әбу Ханифа рамазан айының түндерінде Алладан қорыққан күйде, Қамар сүресінің 46-аятын таңға дейін оқи беретін.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: