16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қандай адамдарға ұлы жетістіктер уәде етілді?

Қандай адамдарға ұлы жетістіктер уәде етілді?

Ислам тарихы

Ұлы жетістік, мәңгілік бақыт бойына тақуалық сипат қалыптастырған жандарға уәде етілді. Құлдық міндетін атқарған, мойнына алған жауапкершілікті қалтқысыз орындап жүрген адамдарды «әһл-тақуа», «әһл-салах», «тақуа құлдар», «жақсылықтың жаршылары» дейді. Мұндай кісілер көбінесе көңілдері шат-шадыман болып, ар-ождандары рахат күй кешіп жүреді.

Шынында, Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан аулақ болған, адал жолмен нәпақа тауып, дұрыс жолмен жұмсаған жандар өмірлерінің соңына дейін уайымсыз-қайғысыз, рызық таба алмай ұалам-ау деген қорқынышсыз ғұмыр кешеді. Міне, көңілдеріне орныққан осы керемет сезім – руханяттарындағы әсемдіктің дүниедегі көрінісі. Әлбетте, мұндай жандар көңіл хошының ақыреттегі сыйын міндетті түрде алады. «Расында, Алла, Раббыларын көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын қаперінде ұстап, игі істер істейтін ізгі жандардың сауабын (еңбегін) зая етпейді» («Һуд» сүресі, 115-аят)

Ендігі жерде бізге тек қана қос дүниенің бақытына жеткізетін жолдарды іздеп, салиқалы құл болудың соңына түсу ғана қалады. Барша жаратылыс атаулы өздеріне тән тілдерімен мұсылман үмбетіне былай деп тұрғандай: «Уа, мұсылмандар! Ұлы дініңіздің қадірқасиетін ұғыныңдар. Бұйрықтарына бойсұнып, тыйымдарына құлақ асыңдар. Біндерің мен ділдеріңді жандарыңнан бетер жақсы көріңдер. Жақсылықта жарысып, жамандыққа барыспаңдар. Сол кезде Раббыларыңның разылығына бөленіп, мойындарыңдағы міндеттерді қалтқысыз атқарған боласыңдар!»

Ислам діні қамтыған тәлім-тәрбиеден мақұрым қалу үлкен бәленің бастауы. Адам баласының табиғатында жамандық атаулыны жасауға жетерліктей күш-қуат бар. Ол Ислам көрсеткен жолдармен тәрбиеленбейтін болса, бойындағы бұл күш-қуат оны бұрыс жолдарға қарай бұрып, үнемі жамандыққа қарай құмбыл тартып тұрады. Сол кезде адам баласы не үшін дүниеге келгенін ұмытып, қайда барып тоқтайтыны жөнінде ойланудан қалады. Мұндай жамандық жайлаған қоғамда адамдық атаулының аты өшіп, қайтадан қараңғылық қаптайтыны анық. Сондықтан, сауатты санамен айналаға көз салып, салауатты өмір сүруге талпынған абзал.

материал «Сүреден сүзілген маржан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: