14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Шынайы болашақ – ақыретте, абырой – Алла разылығында

Шынайы болашақ – ақыретте, абырой – Алла разылығында

Ислам тарихы

Хақ пен ақиқат атына, әр үзіліс кезенінен құтылудың бір тек шарасы, ықпалы – Құран Кәрімге деген қызмет жолында қайратты болудан тұрады. Негізгі берекет осында. Қазіргі таң – осындай күш-қайрат жұмсаудың өмірлік маңыздылық көрсеткен дәуір.

Осы кезенде үмметтің қайтадан жанданып, тік тұруын, сондай-ақ, пәк әрі ұлы болған өз мінез-қасиетіне қайтып, оралуын қамтамасыз ететін ең асасы қызмет – елдің Құран Кәрімге деген сұранысын, талабын күшейту... Бала-шағамыздың Құран әрі дінін үйренуі мәселесінде селқостық танытуымыз – нәсіліміздің әрі бүкіл үмметтің болашағын құрдымға итеру болып табылады. Сондай-ақ, обалы өте ауыр. Жаратқан иеміздің «өз әлбетте тамамдайтыны» жайындағы уәдесі негіздерінен. Бір-ақ өз нұрын адамдардың қолымен тамамдайтынына орай, бәріміз сол уәденің орындалуы үшін жан кешті түрде қызмет етуіміз керек. Әйтпесе, Раббымыз өз нұрын бәрі тамамдайтынымен, бұл тақырыпта селқостық танытқандар жауапқа тартылады. Алла елшісімен бірге барлық жорықтарға қатысып, бірақ «Тәбук» жорығына қатыспаған үш сахабаға ауыр жаза берілгендігі мәлім. Яғни, тағдыр бәрібір іске асады.

Сондай-ақ тағдыр іске асарда бұйырылғанды орындамаған жауапты болады. Олай болса, өз басымыздағы жауапкершіліктен құтылу үшін иман мен Исламның үстемдік құруы бағытында, өз жеке мүддеміз бен дүниеге тән жұмыстар үшін қиыншылықтарға төзгенімізден де, артық, жан кешті түрде қайратты болуымыз зәру. Бұл қастерлі иман қызметіне үлес қосудан артық қандай абырой бар!? Сонымен қатар, шама-шарқымыз бойынша қайрат көрсетпей, тек үміт пен сенімнің иләһи жәрдемі тартатынын күту – есек дәме. Құрани тәлім-тәрбие мақсатына орай, мұсылман халқымыздың бір жапырақ нанынан бөліп, жан кештілікпен ашқан Құран курстарына, медреселерге балаларымызды жіберейік. Осы мәселеде еріншектік көрсетпей, жұмылып қарасайық.

Алла Тағала сыйлаған Құран Кәрім нығметінің қадірін дер кезінде түсінбей, көзіне тек қана дүние – мүлік көрініп, соңында бақытсыздыққа ұшыраған кісілердің қатарына қосылып қалудан сақтанайық. Құран Кәрімнің шарапатынан мақұрым қалмайық. Ақыры, бұл фәнидегі барлық арман-қалаудың бекер екендігі байқалады, бірақ болар іс болып кетеді. Бұл шындыққа орай Юнус Әмре былай дейді:

Құран оқымаған кісі,

Мүшкіл-дүр, оның әр ісі,

Қыдырып жүрер, жазы-қысы,

Есінен танған болар!

 

Кімде-кім Құран білмеді,

Бейне жаһанға келмеді,

Дертіне дәрмен таппады,

Істеріне пұшайман болар!..

Аят кәрималерде Хақ Тағала былай деген: «(Ей, Пайғамбарым!) Былай деп айт: «Мүліктің шын иесі болған, ей, Алла! Қалаған адамыңа мүлік бағыштайсың, қалаған адамыңнан мүлікті аласың. Қалағаныңды данқты етіп, қалағаныңды алшақтатасың. Барлық жақсылықтың кіліті өз қолыңда. Расында, барлық нәрсеге құдіретің жетеді». (Әл-и Имран, 26)

«Көк пен жердің патшалығы (иелігі) Аллаға тән. Алла барлық нәрсеге құдіретті». (Әли Имран, 189)

«..Жер мен көктің қазынасы Аллаға тән, мүнәфиқтар мұны ұқпайды». (Мунафиқун, 7)

Бұл аяттардың баяндағаны – дүние байлығын, бақдәулеті мен болашақты сыйлайтын – жалғыз құдірет барша ғаламның Халиқы (жаратушысы) болған Алла. Шынайы болашақ – ақырет өмірі, шынайы абырой – Алланың ризалығына жету.

Кеңес Одағы кезінде мешіттердің, Құран ұяларының жабылуы қандай, аянышты оқиға. Құдайға шүкір, енді тәуелсіз ел болдық. Қайтадан мешіттер салып, медреселер ашуымыз керек. Әйтпесе, көптеген қиыншылықтарға төзген, комунизмнің зардабын тартқан, тіпті елі, отаны мен діні үшін қайрат көрсетіп, шейіт болған бабаларымызға опасыздық жасаған боламыз. Мұның жауапкершілігі өте ауыр. Балапандарын мына дүниенің өткінші абырой-данқы мен мансап – дәрежесіне алданып, осы Құран ұяларына жібермей, мақұрым тастаған ата-ана бұл мекемелерге шабуыл жасағандармен бірдей. Адамзатты бақыт пен салмақтылыққа, ұяттарды абырой мен ұлылыққа жетелейтін ақиқаттар жәннәті болған Құран Кәрімге немқұрайлы қараудың нәтижесінде туатын үлкен апат-пәлекеттер мен тұтқындалып, тәуелді өмір сүруді ойланып, соған қарай қимылдау керек екендігі - көңілі иманға толы, ақылды мұсылманның ең басты міндеті болғанында еш күмән жоқ.

Құран дұшпандығындай үлкен бейбақтық болмаса да, оның қызметінде болу жайындағы немқұрайлық та, сол, дұшпандыққа жақын дәрежеде обалын тартқызады. Адамзаттың селмен сүйретілген ағаштар тәрізді, өз кезіндегі жағымсыз жаңалықтарына берілген осы күнде құламай, аяқта тұра білуіміз; күпірлік, діннен шығып – кету әрі басқалар хош көрсін не пәлеге ұшырамайық деп, кейбір діни үкімдерді жеңілдету селінен үстімізге бір тамшы тимейтіндей сақтануымыз үшін туған-туыстарымызға, жанұямыз бен айналамызға Құран үйретіп, оның нұрын, рухани нәрі мен берекесін жайуға күш-қайрат жұмсауымыз қажет. Құранға деген мұқтаждығымызды әсте ұмытпайық. Құранмен ұдайы түрдегі біргелігіміз, жақындығымыз оның әмірі мен нәһилері турасында бағытталуымызға, оның мінезімен мінезденуімізге дәнекер болады. Әйтпесе, керісінше әрекет – үлкен зиян. Мәнгілік дәулетті өткінші ләззаттармен ауыстыру болып табылады.

Құран Кәрімде былай айтылған: «Олар Құранға тереңінен ой жүгіртпей ме? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?» (Мұмаммед, 24) Көптеген адамдардың дүние-мүліктің артына түскен қазіргі таңда Құран Кәрім үйрететін ұстаздардың шәкірттеріне шын жүрекпен көңіл аударып, мұқият болулары зәру. Шәкірттің көнілін ұстазға деген махаббатпен толтыру керек. Оған «әліп-бе» үйретуден бұрын, «әліп (әлиф)» ақиқатын, яғни Алланы үйрету керек. Кішкентай жүрегіне Алла мен Расулулланың махаббатынан сәулелер қондырып, нұрмен илеу керек. Исламның нәзіктік, сыпайлық, сұлулық пен бүкіл жақсы тұстарын бейкүнә көңілдерге шағылыстыру қажет.

Алла кәләмін (сөзін) үйретуге иләһи үндеуге тыңдаушы болудың шаттығумен басталғаны жөн. Сөйтіп, кішкентай әрі бейкүнә жүректер, Құран «әліп-бе»сінің басқа әліп-белерден өзгеше екендігін түсініп, өмір бойы Құранды құрметтейтін күйге жетсін, әрі жүректен Құранмен иленіп, иләһи құпиялардың нұрлы қазынасы болсын.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: