27
Сенбі,
Шілде

һижри

Эмбриологтардың Құранды мойындауы

Эмбриологтардың Құранды мойындауы

Ислам тарихы

Америкалық эмбриолог ғалым Роб Гиллхам Құран аяттарымен танысқан соң, Ислам дінін қабылдаған.

Ол қасиетті Құранда жазылған «ажырасқан әйелге 4 ай уақыт өткенше қайтып тұрмыс құруға тыйым салынады» деген ескертуге ерекше назар аударыпты. Бұған зерттеу жүргізген ғалым «әйелдің ағзасына еркектің хромосомалық «таңбасынан» толық тазару үшін 4 ай уақыт өтуі керек» деген қорытындыға келді, деп жазады араб бұқаралық ақпарат құралдары.

Мысыр ұлттық орталығының медицина профессоры, доктор Абдель Басет ас-Саид атап көрсеткендей, Гиллхам өз зерттеу жұмыстарының барысында жыныстық қатынасқа түскен әйел затының ішкі құрылысы еркектің «таңбасынан» 1 айда 25-30 пайызға ғана тазаратынына, ал толық тазару Құранда айтылғандай 4 айдан кейін ғана мәресіне жететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтан, ғалымның ашқан жаңалығы - кітаптың ғылыми негіздерге бастау екендігінің дәйегі болып есептеледі.

Бастапқы кезде эмбриолог зерттеу жұмыстарын АҚШ-тың мұсылман және мұсылман емес аудандарында жүргізеді. Ақырында, Гиллхам мұсылман емес әйелдердің бойынан бір уақытта бірнеше еркектің хромосомаларын анықтаған.

Бұдан соң, өз жұбайына тәжірибе өткізіп, оның ағзасынан әр түрлі еркектің 3 түрлі хромосомалық таңбасының бар екенін білген. Үш баласының біреуіне ғана биологиялық әке екеніне көзі жеткен. Осы оқиғадан кейін «Мұсылман әйел – жер бетіндегі ең таза әйел» деген қорытынды шығарған.

Бұл дүние жүзілік ұрықтанудағы алғаш кездесіп отырған уақиға емес. Өз уақытында канадалық ғалым, анатомия мен ұрықтану саласының әйгілі мамандарының бірі, әлемнің 8 тіліне аударылған «Адам ұрықтануы» атты кітап авторы Кейт Мур «Құранмен таныс болғанымда, Нобель сыйлығына 20 жыл ерте ие болар едім» деп айтқан.

Ұрықтың даму сатыларын зерттеген Мур оның бұдан 1400 жыл бұрын пайда болған Құранда терең дәлдікпен жазылғанына тәнті болды. Осыдан соң ол зерттеу жұмыстарының қорытындылары ретінде «Адам ұрықтануына Исламның толықтырулары» атты кітапты жарыққа шығарды.

Тежатат Теясен Тайландтағы Чиангмай университетінің Анатомия департаментінің төрағасы болып табылады. Бұрында сол университеттің медицина факультетінің деканы болған. Эр-Риядтағы эмбриология бойынша сегізінші Саудиялық-медициналық конференция кезінде профессор Теясен орнынан тұрып, келесі сөздерді мәлімдеді:

«Қасиетті Құран соңғы үш жылда менің қызығушылығымды арттырды. Алдыңғы жылдары оны маған шейх Абдуль Маджид әл-Зиндәни табыстады. Мен шейх әл-Зинданидің лекцияларын профессор Кейт Мурға бердім. Содан кейін профессор Кейт Мур бұл лекцияларды тайланд тіліне аударып, тайланд мұсылмандарының алдына шығып мәлімдеуімді сұрады. Мен бұл өтінішті орындадым. Өзімнің зерттеулерімді баяндап, оған жіберген таспадан сіз мұны көре аласыз.

Ғылыми тәсілдермен дәлелдеуге болатын 1400 жыл бұрын Құранда хабарланған ақиқатқа мен сенемін. Мұхаммед пайғамбардың оқи да әрі жаза да алмағанын ескере отырып, бұл ақиқат оған еш күмәнсіз бәрін білетін Жаратушы Алладан нұр ретінде жіберілуі тиіс. Сондықтан мен иман келтіретін уақыт келді деп есептеймін: «Лә иләһә илләллаһ/Алладан басқа тәңір жоқ. Мухаммадур расулуллаһ/Мұхаммед Оның елшісі».

Қорытындылай келе бұл пікірсайыстың табысты өтуіне әрі ұйымдастырылуына күш салғандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Менің қызығушылығымды тек сұрақтың ғылыми аспектісі ғана қызықтырған жоқ, сонымен қатар конференциядағы сенім атмосферасы, әрі қатысушылар арасындағы достық қатынас. Барлық алғандарымның ішіндегі ең құндысы, бұл «Лә иләһә илләллаһ, Мухаммадур расулуллаһ» және мен мұсылман болдым».

«Ниса» сүресі, 82-аят: «Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол Алладан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді».

материал «Құран мұғжизалары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: