29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адам үстінен жағымсыз иіс шықса, періште қаша ма?

Адам үстінен жағымсыз иіс шықса, періште қаша ма?

Ислам тарихы

Дінімізде ең кем дегенде жетісіне бір рет жуынып, шайынуды, таза киімдер киіп, (ер кісілер) иіс су себініп жүруді және де әр дәрет алғанда мисуакпен тіс тазалап, ауыздағы жағымсыз иісті кетіріп отыруды үйретеді.

Өйткені, Періштелер де адамдар сияқты жаман иістен жиіркенеді. Пенденің үстінен шыққан жағымсыз иіс, мейірім періштелерінің жоламауына алып келуі мүмкін. Сахих хадисте ардақты Пайғамбарымыз былай деген: «Кімде-кім, сарымсақ, пияз және жуа жеген болса, мешітімізге жақындамасын (иісі кеткенше). Шынында, адам баласы тітіркенетін (немесе қынжылатын) нәрселерден періштелер де тітіркенеді (немесе қынжылады)»[1]. 

 

[1] Сахих Бұхари. Сахих Мүслім.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: