21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла мен Алла елшісіне мойынсұнбағандарды не күтіп тұр?

Алла мен Алла елшісіне мойынсұнбағандарды не күтіп тұр?

Ислам тарихы

«Ей, иман келтіргендер! Пайғамбар сендерді жан бітіретін (ақиқатты көрулеріңе, естулеріңе әрі айтуларыңа септігін тигізетін) нәрселерге шақырғанда, Алла мен елшісіне игі ниет танытып, бойсұныңдар. Біліп қойыңдар! Алла Тағала адам мен оның жүрегінің арасына бөгет қояды (адам жүрегін рухани құлдырауға себеп болатындай етіп ақиқаттан адастырады). Соңында (дүниедегі істеріңнен жауапқа тартылу үшін) түгелдей Алланың құзырына жиналасыңдар» («Әнфал», 8/24).

«(Оларға): Алла мен елшісіне бойсұныңдар. Егер бағынудан бас тартып, теріс айналсаңдар, біліп қойыңдар, Алла кәпірлерді әсте ұнатпайды – деп айт» («Әли Имран», 3/32).

«Кімде-кім Алла мен елшісіне бағынбай Алланың белгілеген шеңберінен шығатын болса, Алла оны мәңгілікке отқа тастайды. Әрі күйзелтуші азап тартқызады» («Ниса», 4/14). Алла расулы болашақта болатын жағдайлар туралы былай деген: «Бәни Исраил ұшыраған жағдайларға менің үмбетім де тап болады. Бәни Исраил жетпіс екі топқа бөлінді. Менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді. Бұлардың біреуінен басқасының барлығы тозаққа тасталады».

«Ол қай топ?» – деп сұрағандарға Расулалла: «Менің және сахабаларымның ұстанған жолымен жүргендер», – деп жауап берген.

Сахаба Ибраз ибн Сария былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыз бізге намаз оқытты. Сосын жамағатқа қара сөзден қаймақ айырып, мағыналы, мәнді уағыз-насихаттар айтты. Тыңдап отырғандар толқып, көздеріне жас алды. Бір уақытта жамағаттан бір адам тұрып: «Әй, Алланың расулы, бізбен бақұлдасып тұрған секілдісің, қандай өсиетіңді арнайсың?» – дейді.

Расулалла: «Аллаға құлшылық жасауды, билік басына хабаштық бір құл келсе де, айтқан бұйрықтарын тыңдап, қалтқысыз бағынуды өсиет етемін. Өйткені менен кейін тірі қалғандарың түрлі келеңсіздіктерге куә боласыңдар. Сондықтан сүннетімді, тура жолдағы халифалардың сүннетін естеріңе салып отырған себебім бекер емес. Бұларды нық ұстаныңдар. Кейіннен пайда болған мәселелерде өте абай болыңдар. Өйткені, сүннетке қайшы ойдан шығарылған нәрсе – бидғатқа жатады, ал бидғат – адасушылыққа апарады», – дейді.

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: