Хамид әл-Ләффафқа бір кісі келіп, одан өсиет-кеңес айтуын сұрапты.
Сонда Хамид: «Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса», – депті.
Әлгі кісі: «Ол қалай?» - деп сұрағанда Хамид: «Тек зәру нәрселерді ғана сөйлеу, дүниеден тек зәру нәрселерді ғана алу, адамдармен тек зәру қарым-қатынастарда ғана араласу. Ал зуһд – тақуалықтың түп негізі үшеу – үлкен-кіші екендігіне қарамай харам нәрселерден аулақтау, жеңіл-қиындығына қарамай парыздарды орындау, аз-көптігіне қарамай дүниені өзінің тұрғындарына қалдыру», – деген екен.
материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,
ummet.kz