28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Қолы бос адам шайтанның жетегіне ереді

Қолы бос адам шайтанның жетегіне ереді

Ислам тарихы

«Жұмысы жоқтық,

Қарыны тоқтық –

Аздырар адам баласын»

Абай Құнанбайұлы

Өкінішке орай, біздің қоғам алдындағы жауапсыздығымыз отбасындағы көптеген проблемалардың негізіне айналады. Отбасының басы бос мүшелері, мысалы, кейде қайын ата-енелер, бір-бірімен немесе жас жұбайлармен алыса бастайды. Айналысатын ісі, белгілі бір жауапкершілігі болмаған адамдар өзгелерді қадағалап, өздерін тергеуші сезініп, өзгелердің қатесін іздеумен әлек болады.

Мысалы, демалыс күндері жұбайымыз бен балаларға бөлетін уақытты жоспарламау – осыған анық дәлел бола алады. Апта бойы басқа істермен, белгілі бір мақсатпен жүргендіктен, отбасында үлкен мәселе туындамайды. Яғни, жоғарыда айтып өткендей, ондай нәрсеге уақыт та, күш те қалмайды. Бүкіл проблемалар, жауапкершіліктен тыс, бос қалған демалыстарда пайда болады. Дәл сол себепті тіпті демалыс күндері де, бос болмай, рухани қажеттіліктерді өтеу үшін жоспар құру қажет.

Тек нақты мақсаттармен айналысу керек деп санайтын өзімшіл әрі шектеулі пікірлі адам мейірімділік пен жанашырлықтан құр қалған адам. Ондай адамдар болмашы мәселеде жұбайын немесе баласын ренжітеді. Көбінесе болып біткен, тіпті ұмытылып кеткен дүниені қайта еске салып, қазбалап жүректерін жаралауға еті үйренген адамдар болып келеді.

материал «Бақытты отбасының сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: