12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Супермаркеттерде ойнатылатын ұтыс ойындарына қатысуға бола ма?

Супермаркеттерде ойнатылатын ұтыс ойындарына қатысуға бола ма?

Ислам тарихы

Егер, клиент тарапынан ол ұтысқа қатысу үшін қосымша салым салынбайтын болса (мысалы, ұтыс билетін сатып алу деген сияқты), оған қатысуға болады. Себебі, ол біріншіден – тегін, яғни қатысушыдан шығын шықпайды. Екіншіден – бұл сатып алушыны қызықтыру мақсатында жасалып жатқан шара.

Бірақ, мұнда бір ескеретін маңызды нәрсе бар: Сатып алушы кісі өзіне керек болмаса да, «ұтысқа қатысайын» деген мақсатта сауда жасамаған болуы керек. Әйтпесе, ол да құмар ойнағанмен тең болмақ. Мысалы, ұтыс ойынға қатысайын деген мақсатта өзіңізге қажет емес әлдебір тауарды жүз мың теңгеге сатып алып, кейін сол ұтысқа қатысып жатсаңыз, оныңыз құмар ойнағанмен тең, сол себепті күнә.

Ал, әдеттегідей керекті тауарларын алып, кейін сауда орталығы тарапынан ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі таңылып жатса, бағын сынап көрудің еш күнәсі жоқ.  

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: