Пайғамбарымыздың заманында саусағына жіп байлау әдеті болған.
Оны «ратимә» дейді. Ратиманы арабтар екі түрлі мақсатта байлайтын:
- Біріншісі – қандай да бір қажетті нәрсені еске салып тұрсын деген мақсатта
- Екіншісі – болуы ықтимал жамандықтың алдын алу мақсатында, тұмар сияқты байлау
Біріншісіне - рұқсат[1]. Өйткені, Пайғамбарымыздың өзі кей сахабаға есіне салып тұруы үшін саусағына жіп байлауды айтқандығы риуаяттарда бар[2].
Екіншісіне Ханафи ғалымдары «харам» деген[3].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарай отырып айтарымыз: көзге шыққан теріскенді қолға жіп байлау арқылы емес, арнайы медициналық май болса, соны жағу арқылы кетіруге талпынған жақсы. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Хидая – Китабул Караһия: «әт-тахаттум биззәһәб аляр рижәл».
[2] Насбур риуая – 6/124-125 беттер
[3] Ибн Нүжейм: Бахрур раиқ; Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар - 9/523 бет.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz