31
Жұма,
Қаңтар

һижри

Ішімдік қойылған дастарханда отыруға бола ма?

Ішімдік қойылған дастарханда отыруға бола ма?

Ислам тарихы

Мұсылман дінінде ішімдік ішілген дастарханда отыруға болмайды.

Өйткені, арақ-шарап қойылған дастархан құтсыз дастархан. Құдайдың ашуы келетін орын. Ондай жерден періштелер қашып, жын-шайтандар үйір болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:

«Кім Аллаға және қайта тірілер күніне иман еткен болса, шарап ішіліп отырған дастарханға отырмасын!»1

Алла елшісінің «кім Аллаға және қайта тірілер күніне иман еткен болса...» деген сөзі қатаң тыйымды және ондай жерде отырудың күнә екендігін білдіреді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

1Имам Ахмед, «Мүснәд».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: