05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мүшел жасқа толдым. Садақа беруім керек пе?

Мүшел жасқа толдым. Садақа беруім керек пе?

Ислам тарихы

«Мүшел жасқа толған адам садақа берсін» деген шариғат бұйрығы жоқ.

Дегенмен, Аллаға шүкіршілік ету мақсатында, яки Жаратушы өміріңізді ұзартсын деген оймен садақа таратып жатсаңыз, оныңыз дінге терес емес. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: 

«Шынында, мұсылман кісінің берген садақасы – өмірін ұзартып, жүздеген жамандықтан сақтайды. Сондай-ақ, Алла тағала садақа арқылы адамдағы менмендік пен өркөкіректікті жояды», - деген.[1]

 

[1] Имам Табарани, Муъжамул Кәбир - №13518 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: