05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Діни тұрғыда болашаққа жоспар құруға бола ма?

Діни тұрғыда болашаққа жоспар құруға бола ма?

Ислам тарихы

Діни тұрғыда болашаққа жоспар құруға болады. Оның еш ағат тұсы жоқ. Мұсылман адам келешекке жоспар құрып, Аллаға тәуеккел етеді және сол жоспары бойынша әрекет қылады.

Егер жоспары ойдағыдай жүзеге асып жатса, Құдайға шүкір айтады, ал жоспары ойдағыдай жүзеге аспаса, Құдайдың қалағаны болады деп, қаймықпайды. Қайта ол сәтсіздіктен өзіне қорытынды шығаруға тырысады.

Мұсылманның өмірінің өзі - келешекке жоспар. Мұсылман адам түнде жатқаннан түнгі намазға тұруды не болмаса азанда сәресіге тұруды яки таң намазына тұруды жоспарлап жатады. Мұсылманның дүниелік жоспары және ақыреттік жоспары болады. Дүниелік істерінде жоспар құрғаны секілді, ақыреті үшін де жоспар құрады. Оның бәрі - жоспар.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Құран Кәрімдегі Юсуф пайғамбардың (ғалейһиссәләм) оқиғасын еске алалық. Юсуф пайғамбар (ғ.с.) жергілікті патшаның көрген түсінен әрекет ете отырып, 15 жылға жоспар құрады. Және де мемлекеттің астық жию ісінің сол жоспар негізінде істелуін қадағалайды. Осылайша, Юсуф пайғамбардың (ғ.с.) құрған 15 жылдық жоспарының арқасында, жергілікті халық аштықтан қырылудан аман қалады1. Бұл оқиғадан дүниелік істерімізде болсын, ақыреттік істерімізде болсын, болашаққа жоспар жасап, сол жоспар негізінде іс атқарудың дінге қайшы емес екендігін, қайта құптарлық іс екенін ұғынамыз. Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!

 

1  Құран Кәрім, «Юсуф» сүресі 47-49.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: