25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ережеп айының біз білмейтін атаулары

Ережеп айының біз білмейтін атаулары

Ислам тарихы

Ережеп – Алла Тағаланың құлдарына жасаған ең үлкен мейірімінің бірі болып саналатын қасиетті үш айдың (Ережеп, Шағбан, Рамазан) бірі.

Бұл айларда ізгі амалдар мен ғибадаттардың сауабы Алла Тағала еселеп арттырып, шын жүректен тәубе еткендердің күнәларын кешіретін ай.

Ережеп айының біз білмейтін өзгеде есімдеріне тоқталсақ:

1). Шәһрул Мудар. Пайғамбардың (с.ғ.с) ата-бабаларының бірінің құрметіне аталған, өйткені басқа арап тайпалары осы айда соғысты тоқтатпаған кезде Мудардың тайпасы осы айды құрметтеп мүлдем қолдарына қару алмаған.

2). Шәһрул Асамм. (Саңырау айы немесе Алланың тыныш айы, Ережеп айында Қару жарақтардың дыбысы естілмегендіктен осылай аталған). Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) бірде хұтпадан кейін: «Алланың тыныш айы келді. Бұл айда зекет беріп, қарыздарын өтеп, садақа беру керек,- деп айтқан.

3). Шәһрул әл-Асаб – Алланың кеңшілігінің айы. Ережеп айында ораза ұстаған адам Алланың үлкен рақымы мен нығметіне кенеледі. «Ережеп айының бірінші күні ораза ұстау – үш жылдық күнәларға кәффәрат (үш жылдық күнәні жуып-шаяды). Екінші күні ораза ұстау – екі жылдық, ал үшінші күні ораза ұстау – бір жылдық күнәларға кәффәрат. Одан кейін, әр күнгі ораза - бір айлық күнәларға кәффарат болады (яғни, қалған күндері ұсталған әр күнгі оразасы үшін бір айлық күнәлары кешіріліп отырады)». (Хадис. Имам Суюти: "әл-Жәмиъус Сағир"). 

4). Шәһрул-Мутаһһир – тазару айы. Бұл айда барынша ғайбат, өсек-аян, намазды қаза ету т.б. үлкенді-кішілі күнәлардан бойды аулақ ұстап, ораза ұстау, садақа беру, құран оқу сияқты сауапты істерге көбірек зейін қою арқылы адамның рухани-жан дүниесі тазарады.

5). Шәһру-Саабиқ – алдыңғы ай. Ережеп бірінші (алдыңғы) қасиетті ай екенін білдіреді. Алланың ұлы уәлилерінің бірі – Зунун әл-Мисри (Алла оны рахым етсін) былай деген: «Ережепте – егін егу, Шағбанда – суару, Рамазанда – егін жинау. Ережеп – кешірім мен мейірім айы, Шағбан – тазару және руханият айы, ал Рамазан – берекет алу». Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айындағы парыз оразадан басқа ешбір айда Ережеп пен Шағбан айындағыдай көп ораза ұстамаған.

7). Шәһрул-Фард – (дара ай). Бұл атау Ережептің басқа үш қасиетті харам айларынан бөлек болуымен түсіндіріледі. «Жыл 12 айдан тұрады, оның ішіндегі төрт ай харам, үшеуі қатарынан келеді: Зул-Қағда, Зул-Хиджа, Мухаррам және Жумәдул ахир мен Шағбанның орасындағы Ражаб Мудар айы» («Сахих әл-Бухари» № 200). 6893; «Сахих Муслим» № 3179).

Алтынбек Аманжолов, 

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің азаншысы

 

 

Бөлісу: