Жаңа бір зат сатып алған кезде былай деп айтса болады:
«Әлхамдулилләһи аля ниамиһи күллиһә мә алимнә минһә уә мә ләм наъләм.
Мағынасы: «Алланың барлық нығметтеріне шүкірлер болсын: біз білетін нығметтері үшін де, біз білмейтін нығметтері үшін де».
Бұнымен қатар Алла елшісі (с.а.у.) жаңа киім кигенде былай деп айтатын: «Аллаһуммә ләкәл хамд. Әнтә кәсәутәниһи. Әс’әлүкә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ. Уә әғузу бикә мин шәрриһи уә шәрри мә суниъа ләһ».
Мағынасы: Аллаһым, саған мадақ айтып, шүкір етемін. Оны маған Сен кигіздің. Оны мен үшін хайырлы етуіңді және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің хайырын беруіңді сұраймын. Сондай-ақ, оның жамандығынан және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің жамандығынан сенен пана тілеймін»[1].
Пайғамбарымыздың бұл дұғасын әр зат алғанда айта беруге болады.Тек басындағы «әнтә кәсәутәниһи» (они маған кигізген Сен) деген жеріне, «әнтә аътойтәниһи» (оны маған берген Сен) деген абзал.
[1] Әбу дәуід: Сүнән - №4023 хадис.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz