29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Тұрмыс үшін ғана өмір сүрген адам өзін қалай сезінеді?»

«Тұрмыс үшін ғана өмір сүрген адам өзін қалай сезінеді?»

Ислам тарихы

Өлім дегеніміз – адам тірі күнінде жақсы көрген нәрселерінің барлығынан айырылу деген сөз. Өзінің сүйіктілерінен, достарынан және басқа да барша нәрседен алыста болады. Ажалдың келуімен ол осының барлығымен бір мезетте айырылады.

Бір ақын былай деген екен:

“Тек тұрмыс үшін ғана өмір сүрген адам өзін қалай сезінеді екен?

Ол бейбақ сол нәрсені жоғалтып, өзін ақымақ ретінде сезініп тұр!”

Адам өмірді тек жалғыз дәулет деп қана түсініп ғұмыр кешті, әрі ол өзінде бар нәрселер мен өмірге құштар болды. Дүнияуи нәрседен басқаны көздері көрмеді. Осындай жағдайда болған адамнан барлық нәрсесі алынады да, оның қарсыластарына беріледі. Оның үстіне, адамнан бұл алынған нәрселерінен басқа, ол жіберіп алған о дүниелік игіліктер мен нәсіптер бар. Осының барлығы ол адам мен Алла арасына кедергі салады. Себебі Алладан басқа нәрсені сүю Алла мен өзінің арасына кедергі болу дегенді білдіреді. Бұл деген – Алланың мейірімі мен рахымшылығынан мақрұм қалу деген сөз. Ендігі кезекте адамның көретіні тек қайғы-қасірет пен рухани күйзеліс болады. Ол адам осы пәлекеттердің барлығынан құтылсам деген үміті себебінен әбден жабырқайды. Бұл жабырқау – мәңгілік өмірге қатысты игіліктерден қапы қалып, мүмкіндігін жеткізіп алғаннан пайда болатын уайым болады. Енді барша ақиқатқа оның көзі жетті. Алла өзін қабылдамай жатқанына, өзі мен Алла арасында бөгет барына ол әбден қынжылып, мұңға батады. Бір жағынан оны айырылысу сезімі оттай өртейді, ал екінші жағынан тозақ оты күтіп тұрады. Алла Тағала айтқан:

“Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады. Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді” (“әл-Мутаффифин, 83/15-16).

Алайда Раббысын сүйген әрі Онымен жүздесуді сағынышпен күтіп жүрген құл мына алдамшы өмірден, нәпсі арбайтын дүнияуи нәрселерден өзін құтқара алды. Енді бұл адамдар дүнияуи қайғы мен құмарды ысырып қойып, сүйікті Раббыларына қарай тырмысып бақты. Олар барша қауіптерден Оның құтқаратына сеніп, Алланың рахымшылығы мен игіліктерін мәңгілікке арттырып, көбейтті. Бұл жерде мынадай нәрсеге мән бергеніміз жөн.

Мысалы, адамның бір тұлпары бар делік және ол оны қатты жақсы көреді. Ол адамға мынадай таңдау жасау ұсынылады: “Саған таңдау жасатамыз: не біз сенің атыңды аламыз, не болмаса сені бір шаян шағып алуына келісесің”. Адам осы таңдауда  шаянның шағуынан пайда болатын ауруға шыдап, сабырлық танытады да, өзінің тұлпарын сақтап қалады. Себебі өзі жақсы көретін атынан айырылу сезімінен қиналуы шаянның шағуынан да бетер қиын болады. Осы себептен ол атын сақтап қалғысы келеді. Ол атын жақсы көргені соншалық, егер одан атын алып қоятын болса, өзін жаман сезініп, терең қиналысқа түсіп, әбден қынжылады. Енді адам өзін шаян шағып алатынына даяр болуы керек. Өйткені ажал адамды атынан да, үйінен де, жанұясынан да, бала-шағасы, жақындары, сүйіктілерінен де айырады. Одан бөлек, өлім оны дәрежесі мен атақ-даңқынан айырады…Ол құлағынан, көздерінен және барлық мүшесінен айырылады. Өлім барлық нәрседен айырып, өзімен алып кетеді. Енді ештеңе қайтып келмейді, бұған барша үміт те үзіледі. Егер адам бұл айырылатын нәрселерінен басқа нәрсені жақсы көрмесе, онда бұл адамның жағдайы шаян-жыландардың шағып алуынан да жаман болады. Бұл жағдай оған одан да зор қайғы-қасіретті, уайым-күйзелісті әкеледі.

Адам тірі кезінде жақсы көретін нәрселерінен айырылып қалғанды бір мезет елестетіп көріңізші. Расында, бұдан адам қатты қиналады және жан шыдатпас рухани күйзеліске ұшырайды. Міне, адам қайтыс болған кезде де көретін жағдайы бұдан мәз емес. Себебі ой жоқ болып кетпейді және өлмейді де. Ол бар болуын жалғастыра береді. Адам қайтыс болған кезде сезінетін қайғысы мен қасіретін мына дүниедегі қайғымен ешқалай салыстыруға болмайды. Өйткені тірі адам бұл қайғысынан өзін жұбату үшін басқа нәрсе таба алады. Әрқалай нәрселермен, сөздермен адам өзіне үміт беріп, жұбатып, көңілін аулауы мүмкін. Бір кездері жоғалтатын басқа бір затпен өзін жұбата алуы да мүмкін. Ал ол қайтыс болғаннан кейін ешқандай үміт те, жұбаныш та болмайды. Себебі ажал барлық жолға бөгет жасап қояды. Үмітсіздік пайда болады.

Егер адамнан оның киімін я болмаса беторамалын біреу алып қойса, ол одан жаман болып қалады, бірақ айтарлықтай қатты қиналмайды. Яғни адамның мына өмірдегі жүгі жеңіл болса, ол құтылады. Мақалдың мағынасы мынадай: “Жүгі жеңіл адамдар құтылады!” Егер адамның жүгі ауыр болса, соған орай көретін қиналысы мен қайғысы да ауыр болады.

Басқа бір мысал келтіріп көрейік: алтын тиынын ұрлатып алған адам мен он тиынын ұрлатып алған адамның қайғысы бірдей емес. Дәл солай, бір тиынын жоғалтып алған адамның қайғысы бір теңгесін жоғалтып алған адамның қайғысынан жеңіл болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл ақиқатты бір хадисінде былайша айшықтаған: “Бір дирхамы бар адамның есебі екі дирхамы бар адамның жауапкершілігінен жеңіл болады”.

Ойлап көріңіз: егер өлім келген кезде сенің артыңнан бір нәрсе қалса, сен қайтыс болғаннан кейін ол саған қайғы мен өкініш ретінде оралады. Қаласаң, өзіңде бар нәрсені көбейт, қаласаң, азайт. Егер оны көбейтейін десең, расында сен ештеңені көбейте алмайсың. Сенің көбейткенің тек өкініш пен қайғы, бармақ тістеумен ғана өзіңе қайтып келеді. Ал егер сен оны азайтатын болсаң, онда сен тек мойныңдағы жүгіңді жеңілдетесің. Сол себепті мына алдамшы өмірмен ғана ғұмыр кешкен бақуатты жандардың қабірлерінде жылан мен шаянның саны артады. Сіздердің назарларыңызға ұсынылған бұл мысалдар иман мен сенімге байланысты. Бұл баршамыздың білуіміз керек және сенуіміз қажет нәрселер.

материал «Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: