15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Қабірдің басына қай күндері барған абзал?

Қабірдің басына қай күндері барған абзал?

Ислам тарихы

Ислам шариғатында түнде зиратқа баруға болады, оның күнәсі да, зияны да жоқ. Бастысы зират басы қауіпсіз болғаны жөн. Қауіпті болса немесе айдалада орналасқандықтан қорқып қаламын десе, күндіз барғаны абзал.

Айша анамыздан (с.а.у.) жеткен сахих хадисте Алла елшісінің «Бәқиъ» мазарына түнде де баратындығы білдірілген. Хадисте былай делінеді: «Алла елшісі Айшаның үйінде қонған түндері түннің ақырғы бөлімінде «Бақиъ» мазарына шығатын. Қабірге барғанда: «Сендерге есендік болсын, мүмін-мұсылман жұртшылығы! Біз бен сіз ертең Алланың алдында жолығамыз деп уәделескен едік (немесе бір-бірімізге өкіл боламыз деген едік). Біз де, сендерге қосыламыз. Уа, Алла! «Ғарқад» мазарында жатқандарды кешіре гөр!».

Қабірге барған кісі қабірді баспауы тиіс, сондай-ақ, қабір ішінде айқалап, дауыс көтермегені жөн, әсіресе түнде. Және де, маңыздысы бос әңгіме-дүкен құрып отырмастан, Алланы зікір етіп, Құран оқып отырғаны дұрыс.

Ал мазарға қай күндері барған абзал? - дегенге қатысты, ғалымдарымыз қабірге аптаның төрт күнінде барған абзалырақ деген. Олар:

  • Дүйсенбі,
  • Бейсенбі,
  • Жұма
  • Сенбі.

Аталмыш күндері қабірдегілер келушілерді сезеді деседі ғалымдар. Аталған төрт күннің ішінде Жұма күні барған - ең абзалы. Аталмыш күннен өзге күндері де зират басына бара беруге болады, әбестігі жоқ. 

Қабірге жұма күні барған абзалырақ дегенге қатысты деректерде мынадай риуаят келтірілген: «Кім әр жұма сайын ата-анасының қабірін немесе екеуінің біреуінің қабірін зияраттап барса, оның күнәсі кешіріліп, ізгі адам ретінде жазылады». (Әлсіз хадис). 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: