08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

«Мен үшін ең сүйкімді пенде – құлшылығы үшін ақы дəметпеген адам»

«Мен үшін ең сүйкімді пенде – құлшылығы үшін ақы дəметпеген адам»

Ислам тарихы

Алла кемелдікте жалғыз, Ол – кемшіліктерден пəк. Алланың тазалығы мен ұлықтығын түсіндіру өте күрделі жəне ұзақ іс. Бұл құпиясы ашылған ілімдердің қатарына жатады.

Алладан басқа заттың кемелдігі, пəктігі абсолютті болмайды, бəлкім өзі сияқты басқа адамның шамасына ұқсас келеді. (Мысалы) атты есекпен салыстырғанда ат анағұрлым кемел, ал енді адамды атпен салыстырған уақытта адам одан анағұрлым кемел. Басқаша айтқанда, кемшілік барлық мақұлықатқа тиесілі, кемшіліксіз мақұлықат жоқ. Олар бір-бірінен кемшілік айырмасымен ерекшеленеді. Демек, сұлу зат – сүйікті.

Абсолютті сүйікті, жалғыз, ешнəрсеге мұқтаж емес, ұқсасы жəне қарама-қарсысы жоқ, қалаған нəрсесін орындаушы, үкімін ешкім жоймаған, тағдырын шетке ысырып қоймаған, көк пен жердегі зəредей нəрсе Оның білімінен тыс қалмаған, күллі нəрсені білуші Алла Тағала.

Ол қаһарлы, Оның құдіретінен залымдар қашып кете алмайды. Ол мəңгі, Оның болмысының бастауы жəне ақыры жоқ. Уажиб əл-уджуб (Оның бар болуы зəру), Оның болмысына жоқтық (ажал) жол таба алмайды. Əл-қайюм (мəңгі тұрушы), ол өзінің құдіретімен мəңгі тұрушы, қалған мақұлықтың барлығы Соның арқасында тұрады. Ол аспан мен жердің иесі. Өсімдік пен жануар дүниелерін де жаратқан – Сол. Ол ұлықтық пен құдіреттің жалғыз иесі. Ол көзге көрінетін жəне ғайып (көзге көрінбейтін) дүниелердің жалғыз қожайыны, сұлулық пен əзиздік, құдірет пен кемелдік иесі. Оның ұлықтығын түсінемін деп ақыл естен айырылады, тіл сипаттау күшінен айырылады.
«Алланы білуге шарасызбын», – деп айту даналық кемелдігіне жатады. Оны сипаттауға əлсізбін деп мойындау – пайғамбарлар ілімінің шегі. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Мен Саған шынайы мақтау айта алмаймын. Сен Өзіңді мақ- тағаныңдайсың», – деп айтқан (имам Мүслим).

Шыншылдар мырзасы (Алла оған разы болсын): «(Алланы) тану əлсіз екенін түсінудің өзі – танымға жатады», – дейді. Өзін тану үшін пенделерін əлсіз етіп жаратқан Зат – ақиқатында пəк. Расында, Алланы жақсы көруді теріске шығарып, Оған мажази (метафоралық) мағына бергендерді білсем екен! Бұл сипаттардың сұлу жəне көркем, кемел жəне жақсы қасиеттер екенін, Алланың осы сипаттармен суреттелгенін терістеушілерді, кемелдік пен сұлулықты, көркемдік пен ұлықтықты таныған адамның көкірегінде шүбəсіз махаббатқа ие болатынын жоққа шығарушыларды білсем екен! Өз болмысының ұлық екенін жүрегі көр адамдардың ақыл-түйсігінен жасырған Зат – шексіз пəк.

Ал енді Алланың марапатына бөленгендер, Оның ұлықтығы мен сұлулығынан хабардар болып, тосқауыл отынан алшақ тұрмақ. Ол (Алла) бақытсыз адамдарды зұлмат қараңғылығында адасқан жəне сезім құшағы мен жануарлық шауһаттың құлы болған хəлдерінде қалдырды. Олар дүние өмірін ғана ойлап, ақырет өмірінен бейхабар. Барлық мақтау Аллаға лайық.

Көптеген адамдар осы айтылып отырған махаббаттың, жақ- сылық жасаудың арқасында пайда болған махаббаттан күштірек екенін білмейді. Себебі, ізгілік дегеніміз, көп немесе артық мөлшерде бола береді. Алла Тағала Дəуіт пайғамбарға: «Мен үшін ең сүйкімді пенде, (құлшылығы үшін) ақы дəмеленбей тек, рубубият ақысын өтеу үшін ғибадат қылған адам», – деп уахи жіберген.

«Забур» кітабында: «Тек жəннатқа кіру үшін немесе жаһан- намнан құтылу үшін құлшылық қылған пендеден залымырақ кім бар?! Егер Мен жəннат пен жаһаннамды жаратпағанымда ғибадатқа лайық болмас па едім?» – делінген.

Иса пайғамбар бір топ адамдардың қасынан өтеді. Олар құлшылықтың əсерінен азып-тозып кеткен екен. Сонда олар Иса пайғамбарға: «Біз тозақ отынан қорқып, жəннатты үміт етіп мына хəлге түстік», – депті.

Иса пайғамбар: «Мақұлықтан (жаратылған тозақтан) қорқып жəне содан үміт қылыпсындар», – дейді. Кейін тағы сондай бір топ (құлшылық əсерінен азып-тозып кеткен) адамдармен ұшырасады. Олар: «Біз Аллаға махаббат қойып əрі Оның ұлықтығы үшін ғибадат қыламыз», – деп айтады. Иса пайғамбар: «Сендер Алланың шынайы досысындар. Мен сендермен бірге болуға əмір қылындым», – деген.

Əбу Хазим (Алла оны рақым етсін): «Мен Аллаға сауап немесе азап себептері үшін құлшылық қылуға ұяламын. Егер солай жасасам, онда (қожайынынан) қорықпаса амал қылмайтын немесе сый-сияпат бермесе жұмыс істемейтін жаман қызметші сияқты көрінемін».

 материал «Аллаға махаббат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: