Құлақ шыңылдағанда Пайғамбарымызға салауат айтамыз да, артынан:
«Аллаһуммәзкур бихайрин, мән зәкәрәни бихайрин».
Мағынасы: «Аллаһым! Мені жақсылықпен еске алған адамды, сен де жақсылықпен еске ал!» - дейміз. Қазақша мағынасын айтуына да болады.
Пайғамбарымызға салауат: «Аллаһуммә салли аля саийдинә Мұхаммәд уә аля әли саийдина Мұхаммәд».
Бұған қатысты Имам әл-Байһақидің хадистер жинағында риуаят етілген хадисте былай делінеді: «Егер кімнің құлағы шыңылдаса, мені еске алып, маған салауат айтсын да, артынан былай десін: «Аллаһым! Мені жақсылықпен еске алған адамды, сен де жақсылықпен еске ал!»[1].
[1] Әл-Байһақи: әд-Дәғәуатуль Кубра. №490 хадис.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz