Абдулла ибн Амр (Алла екеуіне де разы болсын):
Бір адам Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламдағы ең игі іс қандай?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Қарны аш адамды тамақтандыруың және танитыныңа да, танымайтыныңа да сәлем беруің», - деп жауап берді. Біздің заманымыздың жаман бидғаттардың бірі – тек таныс адамдарға сәлем беру.
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz