Әбу Һурайраның (Алла оған разы болсын):
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамға аяқ киімін тұрып киюге тыйым салған», - дегені жеткізіледі (Әт-Тирмизи, No 1775).
Бұндай тыйым салудың себебі, адамға отырып аяқ киімін кию оңайырақ, ал тұрып кигенде, құлап қалуы мүмкін болғанына байланысты шығар. («Базл әл-Мәжһуд», 2812/7).
Алла Тағаланың ең керемет жаратылысы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне қаншалықты қамқор болды десеңізші!
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz