27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма?

Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма?

Ислам тарихы

Мархұм болып кеткен кісінің киімін киюге болмайды дейтін ырымды көбіне ескілікті славян халықтарының нанымымен байланыстырып жатады.

Одан қала берді, қайтыс болған адамның киімін кимеу керек дегенді кейбір экстрасенстердің жазбаларынан да кездестіруге болады. Олардың нанымынша өлген адамның киімі үлкен қайғыға алып келеді-мыс. Алайда, мұндай нанымның негізі жоқ. Құр жай соқырсенімділіктен басқа ештеңе емес. Киюге жарамды болса, мархұмның киімін киюдің еш зияны жоқ. Тіпті қазақта «теберік» деп бақилық болған кісінің киімдерін тарқатып жатады. Дінімізде де оған байланысты тыйым айтылмаған. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: