28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Есірткі қолданатын адам Алла Тағаланың бұйрықтарына бағынбайды

Есірткі қолданатын адам Алла Тағаланың бұйрықтарына бағынбайды

Ислам тарихы

Денсаулық Алла Тағаланың берген ұлы нығметі әрі иесіне берілген аманат. Дініміз адам денсаулығына үлкен мән беріп, жан сұлулығымен қатар, тән сұлулығын сақтауды талап етеді.

Алла Тағала адам баласын өзге жаратылыстан ерекшелеп, иман, ақыл мен сана берді. Ол жайында Құранда:

   لَقَدْ خَلَقْنَا الإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ

«Біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық» («Тин сүресі», 4-аят), дейді. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығы үшін, Аллаға шүкір айтып қадірін білуі керек екен.

Пайғамбарымыз (с.а.у) адамдар дер кезінде қадір-қасиетіне жете алмайтын нығметтер бар. Олар – денсаулық пен бос уақыт. Сондықтан, біз ауру келмес алдын денсаулықтың қадірін білуіміз керек.

Біз айтқалы тұрған мәселе ол денсаулыққа аса қауіпті болған жаһандық дерттің бірі – нашақорлық. Бұдан әрбір адам баласы өзін сақтап, салауатты өмір жолын ұстанғаны жөн.

Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі зиянды әдеттерге деген тәуелділік.

Оның зардабы: қылмыстың көбеюі, отбасындағы берекесіздік, бірліктің ыдырауы сияқты мәселелерге әкеліп соғуда. Адамды құрдымға жіберетін үш апат – олар темек шегу, ішімдік ішу, және нашақорлыққа бой алдыру.

Есірткі қолданатын адам Алла Тағаланың бұйрықтарына бағынбайды, орындау керек парыздарды орындамайды, күнә істеуден қорықпайды, мұның ақыры дінді сақтамауға, ахиреттегі нығметтерден мақұрым қалуға алып барады.

Алла Тағала «Маида» сүресінде айтады:

- Уа, иман келтіргендер, шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер шайтанның істерінен. Сондықтан да, олардан сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар.

- Расында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңда от салып, дұшпандық пен жек көрушілікті орнатады. Сендерді Алланың зікірінен, намазынан алыстатуды қалайды. Сонда да тоқтатпайсыңдар ма деп айтқан.

- Қазіргі заманда нашақорлықтың салдарынан ақыл-есі кем, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәрімізге белгілі. Соныдқтан Алла харам еткен нәрсе харам, ода береке жоқ.

- Абай хәкім атамыз ауруды жаратқан Құдай, бірақ ауыртқан Құдай емес дейді.

- Сондықтан Алланың аманат қып берген денсаулығының қадірін біліп, бойымызды жаман нәрседен аулақ ұстауымыз керек екен.

Алла адамдарға зәредей де зұлымдық жасамайды, бірақ адамдар өз-өздеріне зұлымдық жасайды.

Ренат Жапбасов, 

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы


Бөлісу: