27
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Шортан (щука), лақа (сом) жылан балықты жеуге бола ма?

Шортан (щука), лақа (сом) жылан балықты жеуге бола ма?

Ислам тарихы

Ханафи ғұламаларының айтуы бойынша, балық пішіндес емес, балық атаулыға жатпайтын су жануарларының еті халал емес. Сондықтан да, ат балық (морские коньки), су шошқасы, су шаяны т.б. жеуге болмайды. Бірақ, жылан балықтың еті халал[1].  Және шортан балығы да балық тәріздес су хайуаны болғандықтан, оның  да еті адал деуге негіз бар.

Жайын балығына келер болсақ (майдасын лақа дейді), сахаба Абдулла ибн Аббастың: «...Жайынды (әл-жиррии) яхуди дініндегілер жемейді. Ал біз жейміз», - дегендігі хадис кітаптарында келтірілген[2].

Ханафи ғұламасы Имам Сарахси өзінің атақты фиқһ кітабында жылан балығы мен жайын жайында былай дейді:  "Барлық балық түрлері халал. (Мысалы): Жайын балығы, жылан балығы және басқа (балық тектестер) – халал мәселесінде теңдей"[3]. (жиррис) - жылан балықты да білдіреді, кей анықтамаларда оның "жайын" екендігі айтылған. (мәриһиж) – фариси бір сөз, жылан балық деген ұғымда).

Ханафи мәзхабынан өзге мәзхабтар су хайуандарынан жасалған өнім түрлерінің шеңберін кең алған. Мысалы, Шафиғи мәзхабында, құрбақа мен қолтырауыннан басқа су хайуандарының көпшілігі  – адал. Балық тәріздес болуы шарт емес. Мәлики мәзхабы мен Ханбали мәзхабында да үкімі осы[3].  

 

[1] Абдуррахман әл-Жазири: әл-Фиқһ алял Мәзәһибиль арбаъа, 2/9 бет.
[2] Фатхул бәри, Сахих Бухари – Китабу забаих: «Бәбу Қаулиллаһи Ахалла ләкум...». (таълиқан)
[3] Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут. 11/248 бет.
Абдуррахман ән-Нәжри: Ахкамуль бахр филь фиқһиль Исләми; Әл Кәсәни, Бадаиғ – 6/175, 176 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: