03
Жұма,
Мамыр

һижри

Сағат сыйлауға болмайды дейді сол рас па?

Сағат сыйлауға болмайды дейді сол рас па?

Ислам тарихы

Сағат – айырылысудың нышаны. Сағат тоқтағанда, сендердің де қарым-қатынастарың үзіледі деп ырымдайды. Қытай елінде сағат сыйлауды – жерлеу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен. Славян халқында: сағат сыйлайтын болсаңыз, онымен бірге күйініш, бақытсыздық, өкініш сыйлағаныңыз.   

Алайда асыл дініміз әр нәрсені жаман ырымға балап, соған сеніп, жүріс-тұрысын соған негіздемеуге шақырады. Сахих Бухари атты хадистер жинағында келтірілген хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Исламда Тияра (жаман ырымға балау) жоқ,  ең жақсысы – Фә’л (жақсыға жорамалдау), - деді. (Сонда қасындағылар): «Фә’л деген не?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Сендердің әрбіреуіңнің еститін – жақсы сөзі», - деді[1]. 

Ендеше, әрбіріміз кейбір соқыр сенімділіктен айырылып, өмірімізді шынайылыққа негіздеуіміз керек. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, өмірге деген құштарлықты оятар, адамның үмітін арттыратын сөздер, жорамалдар айтқанымыз жөн.  

Сондықтан, сіз сұрап отырған наным-сенімді дініміз құптамайды. Оны кей адамдардың қате түсініктерінен туындаған дүние ретінде қабылдаған дұрыс.

 

[1] Сахих Бухари: Китабут Тыб – Бәбу аттияра.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: