Суға кетіп қайтыс болған мұсылман адам ақыреттік шейіт болып саналады. Оған байланысты хадисте былай делінген:
«Алла жолында қайтыс болған (шейттен) өзге, шейіттер жетеу: Оба індетінен көз жұмған адам – шейіт. Суға батып өлген – шейіт. Өкпе ауруынан (плеврит т.б.) қайтыс болған – шейіт. Іш аурудан қайтыс болған – шейіт. Өрттен қайтыс болған - шейіт. Үйіндінің астында жаншылып өлген – шейіт. Аяғы ауыр кезде (немесе босанар сәтінде) қайтыс болған әйел – шейіт»1.
Осы тұрғыда айта кету керек, «ақыреттік шейіт» үкіміндегі мархұмдар әдеттегідей жуылып, кебінделеді. Сондықтан да, суға батып өлген мұсылманның денесі де жуылып, кебінделуі тиіс. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Әбу Дәуід: «Сүнән». (15) 3111.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz