26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүніп болған адамдарға тыйым салынған амалдар

Жүніп болған адамдарға тыйым салынған амалдар

Ислам тарихы

Ғұсылы жоқ адамға төмендегі амал-әрекеттерді жасауға рұқсат етілмейді. Олар:

1. Намаз оқу.

Алла Тағала: «Егер жүніп болсаңдар, (толық жуынып) тазаланыңдар», – деген.

2. Тауап жасау.

Алла елшісі (с.а.с.): «Үйді (Қағбаны) айналу намазға ұқсас, бірақ мұнда (яғни тауапта) Алла Тағала сөйлеуге рұқсат етті. Онда сөйлесушілер тек қана жақсы сөз айтсын», – деген.

3. Құранды ұстау және оны алып жүру.

Мұсылман имамдарының бәрі бұған бірауыздан келіскен және бұл мәселе жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларының арасында пікір алшақтығы болмаған.

4. Құран оқу.

Жүніп болған кезде Құранды дауыстап та, іштен де оқуға болмайды.

5. Мешітке кіру.

Жүніп болған адамның мешітте қалуына тыйым салынады. Яғни мешітке кіріп, ұзақ отыруына, бір нәрсемен айналысуына рұқсат етілмейді. Алла Тағала: «Сондай-ақ жүніп күйінде жуынбайынша (ғұсылсыз намаз оқымаңдар). Бірақ жол жүргенде болады», – деген.

Бірақ жүніп күйде мешітке кіріп-шығуға рұқсат етіледі, бұған жоғарыдағы аят пен төмендегі мына хадис дәлел болады:

Бірде Алла елшісі (с.а.с.) Айшаға (Алла оған разы болсын): «Мешіттен шекпенімді әкелші», – деп бұйырады. Айша: «Хайызым келіп жүр», – деп айтқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Хайызың қолыңда емес қой», – деген (Муслим).

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: