27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Сенің осы сөзіңді теңізге қосса, теңізді былғар еді»

«Сенің осы сөзіңді теңізге қосса, теңізді былғар еді»

Ислам тарихы

Бір адамның бойындағы кемшілігін «Пәлен адам кыли, соқыр, таз, беті безеу, бойы қысқа немесе ұзын» деген сөздермен айту дене-бітімге қатысты ғайбаттың түріне жатады.

Адамдарды бұлайша ғайбаттау бұл дүниеде оның берекесін кетірсе, о дүниеде масқаралыққа душар етеді.

Хазірет Айша анамыз (р.а) бір күні Сафия анамыздың (р.а) бойының қысқалығы туралы айтқан кезде Алла елшісі (с.ғ.с) оған: «Сенің осы айтқан сөзіңді теңізге қосса, теңіздің суын тұтас былғар еді» деді.

Ислам ғалымы ибн Сирин бірде бір кісі туралы айтып тұрып: «Әлгі өңі қара адам бар ғой» деп қалады. Артынша дереу тәубеге келіп, «Мен сірә, ғайбаттадым» деп қателігін дереу түзетеді.

материал «Ғайбат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: