27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Адам кішігірім жетістікке жетсе де, өзіне сыйлық жасауы керек

Адам кішігірім жетістікке жетсе де, өзіне сыйлық жасауы керек

Ислам тарихы

Адам кішігірім жетістікке жетсе де, өзіне кішкене болса да сыйлық жасауы керек. Қойған мақсатынан кішігірім нәтиже көрген кезде өзін қуанту керек. Бұл – ақысын беру деп аталады.

Сіз мақсатыңызға жету жолында тырыстыңыз, қаншама уақытыңызды арнадыңыз, ұйқысыз түндер өткіздіңіз, нәпсіңіз қиналды, соның ақысын беру керек. Қалайша мектеп оқушысы 9 ай бойы оқып, тесттерге дайындалып, уақытын, күшін жұмсап, еңбегінің жемісі ретінде грамота алады. Бізде кішігірім жетістігіміз болса да соның қадірін білуіміз керек. Ал егер оның қадірін білмей, кішкентай мақсатымызға қанағаттанбай, үлкеніне қарай қарай кете беретін болсақ, ашкөздік болып кетеді.

Оның мысалы, жолда кетіп жара жатқан жолаушы ағаштың түбінде отырып, демалып, су ішіп, "Аллаға шүкір" деп ары қарай жолын жалғастырған адамға ұқсайды. Ал егер біз ашкөзденіп, "жоқ, мен үлкен жетістікке жетуім керек" деп кішігірім жетістікті менсінбесек, біз ашкөздік танытқан боламыз. 3 сүре жаттаған болсаңызда, 1 пара жаттасаңызда, 10 пара жаттасаңызда шүкір айтып, өзіңізді қуантып, ары қарай жүре беру керек.

Тек қана алдыға қарай шаба бермей, артымызға бір көз салып, өткен жолымыз үшін Алланың берген нығметтеріне, мүмкіндіктеріне, сыйлықтарына шүкір айтып, Алланы мақтап, мадақтауымыз керек. Бұл жердегі сыйлық жасау, қуанту дегеніміз әркімге әртүрлі.

Магазиннен шоколад алыңыз, жақсы көретін тамағыңызды пісіріп жеңіз, барғыңыз келіп жүрген жерлерге барып қайтыңыз. Сол кезде сізде дофамин гормоны бөлініп, өзіңізді бақытты сезінесіз.

Өзіңізді бақытты сезіну – алдыңызға қойған үлкен мақсатыңызға екі- үш есе тез жеткізеді. Себебі сіз алғашқы этаптардан өтіп қойдыңыз. Сол себепті өзіңізді қуантып тұруды ұмытпаңыз. Дәл сол сияқты бір танысыңыз жетістікке жетсе, мақсатын орындаса оған да сыйлық жасаңыз, қуантыңыз, біреудің қуанышына ортақ болыңыз.

материал «Қарилыққа қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: