Қағб ибн Мәликтің (Алла оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапардан оралған кезде, әдетте, ең алдымен мешітке барып екі рәкәғәт намаз оқып, содан кейін [белгілі бір уақыт] адамдардың арасында отыратын.» (Муслим, 719).
Имам ән-Нәуәуи: «Ниет мешітке сәлем намазына (тәхият) емес, келу намазына (қудум) (Алла разылығы үшін екі рәкәғәт келу намазын оқуға ниет еттім) жасалуы керек», - деген («Фәтх әл-Бари», 2/358).
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz