24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Кеудемді қайғы-мұң кернегенде, қандай дұға оқыса болады?

Ислам тарихы

Қатты қиналып, шешім таппағанда, барлық қиыншылықтар кезегімен мазалап қиналғанда қандай дұға оқып, Алладан көмек сұрауға болады?

Сізбен бір дұға бөлісейін. Ол дұғаны көңіл-күй жоқ кезде, қысылып, кеудеңізді қайғы-мұң кернеп тұрған сәттерде іштей, бірнеше рет зейін салып оқысаңыз, көңіліңізге қуаныш, жүрегіңізге тыныштық орнайды. Дұға төмендегінше:

«ХасбунаЛлаһу, саю’тинаЛлаһу мин фадлиһи, иннәә илаЛлаһи рооғибуун!»

Мағынасы: «Бізге Алланың өзі жетіп асады. Бізге Алла өзінің нығметінен береді. Күмәнсіз, біз Аллаға жалбарынамыз, Алладан ғана көмек тілейміз»

материал «Теңдессіз дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: