Негізінен, зәру жағдайлар болмаса, жолға жалғыз шықпаған да жөн. Өйткені, адам баласының басына қандай да бір қиындықтар туып жатса, оған жанашырлықпен қарап көмек беретін пенде керек болады. Сонымен қатар, адам жалғыз болған кезде оның ойына әртүрлі нәрселер келіп жататыны да белгілі. Әсілі, адам баласы көп жағдайларда алыс сапарларға жалғыз шықса, кейде нәпсісінің құлы болып, теріс амалдарға баруға бейім болып жатады.
Абу Саида әл-Худриден (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш адам бірге сапарға шықса, іштерінен біреуін басшы (әмір) етіп сайлап алсын», - дегені жеткізіледі (Әбу Дәуд, No 2608).
Бұл саяхатшылар арасында даулар туғызбай, олардың сапарын жеңілдету үшін керек. Бұйрық раймен бұл хадис, сол істің абзал екенін көрсетеді («Базл әл-Мәжһуд», 193/9).
материал «Ұмытылған сүннет » кітабынан алынды,
ummet.kz