Әли ибн Әбу Талиб (р.а):
«Айт намазына жаяу бару және үйден шығар алдында бір нәрсе жеу – сүннет», - дегені жеткізіледі (Әт-Тирмизи, No 530).
Имам әт-Тирмизи бұл хадиске түсініктеме бере отырып: «Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл хадиске амал қылу келесідей болады: егерде үзірі болмаса, адамның айт намазына салт мініп бармай, жаяу барғаны жөн», - деді.
Шейх Юсуф әл-Бинори : «Ғұламалардың бірауыздан айтылған ортақ пікірі – айт намазына жаяу барған абзал. Омар ибн Абдулазиз, ән-Нахағи, әс-Сәури, әш-Шәфиғи және басқа ғұламалар бұған анық нұсқайды», - деп жазады («Мағариф әс-Сунан», 430/4).
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz