28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Қабірдің тарлығы және иелеріне қараңғы болуы

Қабірдің тарлығы және иелеріне қараңғы болуы

Ислам тарихы

Қабірдің адам баласына өзін: «Мен қараңғы және өте тар мекенмін», – деп сипаттайды.

Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітін тазалайтын бір әйел қайтыс болады. Алла елшісі (с.а.с.) оны іздегенде, (адамдар) оның түнде қайтыс болғандығын айтады. (Пайғамбарды (с.а.с.) ұйқысынан оятқылары келмей, адамдар оны түнде жерлеп қойған еді. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларға): «Мені неге оятпадыңдар?» – дегенде, олар: «Оятқымыз келмеді», – деді.

Пайғамбар (с.а.с.) мешітке қызмет ететін бұл әйелге құрмет ретінде, оның қабіріне баруды қалап, сахабаларынан оның қабірін көрсетуді сұрады. Оның қабіріне келіп, оған дұға қылып: «Расында, мына қабірлер, иелері үшін зұлматқа толы. Алла Тағала оларды (қабірлерді) оларға (марқұмдарға) қылынған дұға үшін нұрландырады» (1), – деген.

1. Әл-Бұхари, Муслим.

материал «Қабір азабы» кітабынан алынды, 

ummet.kz


Бөлісу: