Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«...Расында күн мен ай Алланың белгілеріне жататын екі белгі. Және олардың тұтылуы қандай да бір адамның өлімінен де, өмірінен де болмайды. Сондықтан [оны] көрсеңдер, Аллаға дұға етіңдер, Оны ұлықтаңдар, намаз оқыңдар және садақа беріңдер», - деді (Әл-Бұхари,1044).
Ибн Хажар әл-Әсқаләни: «Болу мүмкін қиыншылықтардың алдын алу үшін зікір, дұға және садақа беру әмір етілді», - деп жазады («Фәтх әл-Бари», 4/183).
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz