20
Жұма,
Қыркүйек

һижри

Жаман әдеттен қалай арыламын?

Жаман әдеттен қалай арыламын?

Ислам тарихы

Әдет деген – тағдырдың басыңа қамыт кигізуі емес. Оны өзгертуге болады. Әдеттің қандай бөліктерден тұратынын білгесін, оны қалауымызша өзгерте аламыз.

1) Арылғың келетін үш әдетті жаз. Оларды нақтылау керек. Мысалы, «газдалған сусын ішпеу» деудің орнына «кешкі асқа газдалған сусын сатып алмау» деп жазу.

2) Әр әдеттегі сигналды алып тастауға немесе айналып өтуге тырыс. Мысалы, газдалған сусынды құятын арнайы стақандарды көзге күйік қылмай, шкафқа салып тастау.

3) Әр әдетті орындай алу қабілетін қиындату. Мысалы, сусын сататын дүкенді айналып өту. Оған кететін ақшаңды басқа пайдалы нәрсеге жұмсау.

4) Әр әдетті орындауға мотивацияны азайту. Мысалы, газдалған сусын ішкеннен асқазанда пайда болған жараның суретін көру. Бүйрегінде тас пайда болған адамға жасалған операция жайлы оқу.

материал «Әдет күші: жақсы әдет қалыптастыру, жаман әдеттен арылу»

кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: