19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қарыз алушының әдебі: Қайтару ниетімен алу

Қарыз алушының әдебі: Қайтару ниетімен алу

Ислам тарихы

Өтелмеген қарыз  уайымды күшейтіп, жүйкені тоздырады. Осының себебінен жанын қоярға жер таппай, жүдеп, түн ұйықысын төрт бөліп, арып-ашып жүрген жандар қаншама? Олардың мақсаты – берешегінен тезірек құтылу.  Алайда бұл кей кезде  бірден мүмкін бола бермейді.

Тағы бір пенде өмірден өтті. Жазмыштан озмыш жоқ. Соңғы сапарға шығарып салар алдында марқұмға жаназа намазы оқылады. Намаздан бұрын имам: «Бұл кісінің қарызы бар ма еді, болса кім төлейді?» - деген жалғыз сұрақ қояды. Имамның намаз, ораза, тіпті, қажылық емес, қарызының бар-жоғын анықтап алуында үлкен мән жатыр. Себебі қарызын ана дүниеге арқалаған жанның жағдайы қиын.

Амалдар ниетке байланысты. Ниет дұрыс болмаса жасаған ізгі ісіңнен сауап табамын деу бос әурешілік.  Ниеттің араласпайтын жері жоқ. Тіпті, қарызды аларда оны міндетті түрде өтеймін деп ниеттенсек, Алла ісімізге жеңілдік жасап, мақсатымызға тезірек жеткізеді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім адамдардың мал-дүниесін қайтарып беру ниетімен алса, оның (қарызын) Алла қайтартады, ал кімде-кім жаратып жіберу ниетімен алса, оны Алла шығынға ұшыратады» деген. Демек «қарызды қайтарамын» - деп  тілмен айту жеткіліксіз. Ол: «Алған аманатыма қиянат жасамаймын»  деп, ниетін жүрекпен бекіту керек. Себебі, қайтару  әрдайым ыждағаттылықты талап ететін іс. Адамның ризығының тарылып, қарызын қайтаруға қауқарының жетпей қалуы алғашқы ниетінің осалдығынан.

материал «Саудаға қатысты 33 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: