08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Сөзің мен ісің шариғатқа сай болсын

Сөзің мен ісің шариғатқа сай болсын

Ислам тарихы

Сөзің мен ісің шариғатқа сай болсын. Себебі, шариғатпен үндеспеген білім мен амал – адасушылық.

Іс-әрекеті шариғатқа сәйкеспейтін дүмшелерге алданба. Расында, шынайы тақуалыққа адам пайдасы жоқ кеп сөзбен емес, нәпсіні тізгіндеп, онымен үнемі күресу арқылы жетеді.

Есіңде болсын! Тізгінделмеген тіл, нәпсі қалаулары мен ғапылдыққа толы жүрек адамды қайғыға душар етеді. Егер нәпсіңмен шындап күреспейтін болсаң, жүрек Құдайды тани алмайды.

Бұған қоса маған қойган сұрақтарыңның кейбіріне жазбаша түрде, не ауызша түрде жауап беру мүмкін емес. Себебі оны тек сезіну керек.

Белгілі бір рухани дәрежеге жеткен кезде өзің-ақ түсінесің. Ал егер ондай дәрежеге жете алмасаң, оны сөзбен түсіну әсте мүмкін емес. Сезім арқылы түсінілетін дүниелерді сөзбен жеткізу – қиынның қиыны. Мәселен, тәтті мен ащының айырмашылығы тек дәм сезу мүшеміз арқылы ғана түсіне аламыз.

Мұны мына оқиғамен түсіндіруге болады. Бірден бір белсіз еркек өзінің үйленген досынан әйелмен қосылудың ләззаты қандай болатынын сұрайды.

Сонда әлгі досы оған былай деп жауап береді: «Е, досым-ай, сені белсіз ғана ма десем, оған қоса сен өзі ақымақ екенсің гой. Мұны тілмен айтып түсіндіру тіпті де мүмкін емес. Оны тек сезіну керек».

материал «Балама өсиет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: