31
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Пенденің амалы (ісі) қандай шарттар аясында қабыл болады?

Пенденің амалы (ісі) қандай шарттар аясында қабыл болады?

Ислам тарихы

Алла Тағала кітабы Құран Кәрімде, «Мүлік» сүресінің екінші аятында былай дейді:

«Ол қайсыбірің анағұрлым сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты».

Осы аят жайында айтылған түсініктемелердің бірі әйгілі ғұлама Фудайыл ибн Иязға (Алла оны рақымына бөлесін) тиесілі. Ол аяттың: «Анағұрлым сауапты іс істер екен» деген тұсына «ең дұрысы және ең шынайысы қайсы іс екен» деген түсініктеме берген. Сөзін ары қарай жалғай келе: «Егер сауапты іс «шынайы» болып, алайда «дұрыс» болмаса қабыл болмайды.

Сауапты іс «дұрыс» болып, бірақ «шынайы» болмаса да қабыл болмайды. Сауапты іс тек «шынайы» және «дұрыс» болғанда ғана қабыл болады. «Шынайы» деп отырғанымыз істің бір Алланың разылығы үшін жасалуы. Ал «дұрыс» деп меңзеп отырғанымыз «пайғамбардың сүннетіне сай болуы» деген.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: