28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Түнде терезені ашып жатудың зияны бар ма?

Түнде терезені ашып жатудың зияны бар ма?

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) түнде жатарда есіктерді кілттеп, ыдыс-аяқтардың бетін жабуды және шырақты өшіріп жатуды кеңес еткен[1].

Мұндағы ыдыс-аяқтардың бетін жабу – тазалық шарасы десек, есік-терезені жауып жатуды қауіпсіздік шарасы деп түсінуге болады. Үкімі – мұстахаб (ұнамды).

Сондықтан да, терезені ашып жату ешқандай қауіпсіздік тудырмайтын болса, түнде ашып жатудың зияны жоқ, осы орайда терезені ашарда "бисмилләны" айтып ашқан артық болмайды. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари» -Әшриба»

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: